Қазақстан мен Хорватия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы Загребте өтті

25 сәуірде Загреб қаласында (Хорватия) бірлескен бизнес-форум аясында Қазақстанның Хорватиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Хорватияның іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті. Іс-шара барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік өкілі Ұлбосын Сарыбаева хорватиялық бизнесмендерді инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларымен және Қазақстандағы инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерімен таныстырып, оларды жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

Іс-шараның мақсаты екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болды. Іс-шараға қазақстандық және хорватиялық компаниялардың 100-ден астам өкілі қатысты.

DSC_9349.jpg

Іс-шара барысында Қазақстанның сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов пен Хорватия Экономикалық палатасының президенті Лука Бурилович екі палата арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға және Қазақстан мен Хорватияның іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойды. Бұдан басқа, «Aspan Construction Company» ЖШС мен «VS Engineering» ЖШС арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 16.52.43.jpeg

«Хорватиямен экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. 2023 жылы өзара сауда көлемі 20%-ға өсті. Біз құрылыс, Ақпараттық технологиялар, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі және сауда салаларындағы әріптестікті кеңейтуде елеулі әлеуетті көріп отырмыз», – деп атап өтті Ұ. Сарыбаева.

Іс-шара қорытындысы бойынша бизнес-топтар екіжақты экономикалық күн тәртібінің негізгі аспектілерін талқылады, басым бағыттарды айқындады және энергетика, IT, туризм, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты салалардағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.

DSC_9320.jpg