Қоғамдық кеңестің отырысы KAZAKH INVEST-те өтті

KAZAKH INVEST-те Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда KAZAKH INVEST өңірлік директорларының баяндамасы тыңдалды.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Әли Майхиев құттықтау сөзімен ашты.

Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директорларының қызметі туралы есептің баяндамашылары Тілеген Едігеев пен Дінмұхаммед Зиятбеков болды. Баяндамашылар кеңесті өңірлердің инвестициялық ахуалы, өңір мен қала аумағында іске асырылып жатқан қолданыстағы және перспективалы инвестициялық жобалар, сондай-ақ олардың ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. Кеңес қатысушылары одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берді.

Айта кету керек, KAZAKH INVEST қоғамдық кеңесі құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы барлық ақпарат KAZAKH INVEST ресми интернет ресурсында орналастырылады.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге