Баспасөз релиздері

Жаслан Мәдиев Директорлар кеңесінің құрамына сайланды «KAZAKH INVEST» ҰК » АҚ

Жаслан Мәдиев Директорлар кеңесінің құрамына сайланды «KAZAKH INVEST» ҰК » АҚ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен Мәдиев Жаслан Хасенұлы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Ж.Мадиев 1983 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Колумбия университетінің халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін 2007 жылы экономикалық саясат бағыты бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген. Массачусетс технологиялық бизнес мектебін 2016 жылы MBA-мен бітірді.

2004 – 2006 жылдары – «Альянс Банк»  АҚ борыштық бағалы қағаздар бөлімінің бастығы, бас маман, жетекші маман, маман.

2007 жылы – Лондон қаласында «Morgan Stanley» Инвестициялық Банкнің сауда облигациялары мен құнды қағаздар Департаментінде.

2007 – 2008 жылдары «Фонд «Қазына» тұрақты даму» АҚ корпоративтік қаржы Департаментінде бас менеджер.

2008 – 2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы.

2008 – 2009 жылдары «Самұрық - Қазына» ұлттық әл –ауқат фонты» АҚ қазына Департаментінің директоры. 

2009 – 2010 жылдары - «Kazyna Capital Management» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 

2010 – 2011 жылдары – Директорлар кеңесінің мүшесі, ЖЗҚ Ұлар - Үміт», ЗАИБЖА «Жетісу» тәуелсіз директор.

2010 – 2014 жылдары «Қазақстан Даму Банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 

2014 – 2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерді басқару және монетарлық операциялар бойынша директордың орынбасары.

2014 – 2015 жылдары –  «Ұлттық Инвестициялық Корпорация» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.

2016  жылы – Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің концеляриясы,  ҚР Премьер – министрінің кеңесшісі.

2017 – 2019 жылдары – «Қазақстан темір жолы» НК» АҚ Экономика және Қаржы жөніндегі Төрағасының орынбасары.

2019 – 2020 жылдары – Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының вице–министрі. «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2020 жылдың қазан айынан бастап – Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттіктің  төрағасының орынбарасы болып тағайындалды. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге