Баспасөз релиздері

Шетелдік инвесторлар Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірмек

Шетелдік инвесторлар Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірмек

Ақтау қаласында шетелдік инвесторлар «жасыл» сутегі өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Аймақтың инвестициялық әлеуетін және жобаны іске асыру мүмкіндіктерін зерттеу үшін неміс-швед Svevind Energу GmbH компаниясының басшылығы мен техникалық командасы Маңғыстау облысына келді.

Инвестормен іскерлік кездесуге онлайн бейне конференцбайланыс режимінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр қатысты. Келіссөздерге сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты.

Жоба суды электролиздеу және тұщыландыру жолымен 30 ГВт электр энергиясынан «жасыл» сутегін өндіруді көздейді. Жыл сайын жобада 2 млн тоннаға дейін өнім өндірілмек. Инвесторлардың айтуынша, зауытта өндірілетін сутектің бір бөлігін Еуропа елдеріне мен ҚХР-ға экспорттау жоспарлануда. Қалған бөлігін инвесторлар Қазақстанда түрлі салаларда шикізат ретінде пайдалану үшін «жасыл» аммиакқа өңдеуге ниетті. Шетелдік бизнесмендер жобаны шамамен 6-10 жылдың ішінде жүзеге асырмақ.

Сонымен қатар, өңірге жұмыс сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов ағымдағы жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ инвесторлардың жаңа бастамаларымен танысты. Осындай бастамалардың бірі - Ақтау теңіз сауда порты. Бұл жоба құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері бағытта Иран, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан бағыттарымен жыл бойы тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, теңіз порты «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген, сондай-ақ «DP World» (БАӘ) компаниясымен серіктестікте жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Мейіржан Юсупов жалпы алаңы 107 га болатын кешеннің аумағын қарап шықты, онда тақырыптық ойын-сауық саябағының, виллалары бар гольф-клубтың, сауда орталығының, «Rixos Club Prive», «Banyan Tree», «Swiss Hotel» қонақ үйлерінің, «Safari Hotel» қонақ үй кешенімен визит-орталықтың құрылысы жоспарлануда. Айта кету керек, осы жоба аясында құрылыс кезеңінде 5000 жаңа жұмыс орнын және пайдалануға беру кезеңінде 2000 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы «Өндіріс және Логистика Орталығы» ЖШС басшылығымен кездесіп, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 2020 жылдан бастап логистикалық орталық базасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтау бойынша тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тапсырыс беруші – «Каспий» ӘКК» АҚ.

Сонымен қатар, ұлттық компания басшысы құны $60 млн болатын ірі жылыжай кешендерінің бірі «Aktau Green House» ЖШС-да болды, жобаның жылдық қуаттылығы 8000 тоннаны құрайды.

Айта кету керек, 2020 жылы Маңғыстау облысында отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен құрылыс, ЖЭК, жеңіл өнеркәсіп, энергетика, құс шаруашылығы және т. б. экономика салаларында сомасына $266,8 млн құрайтын 12 жоба іске асырылды.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге