Баспасөз релиздері

Жапондар Қазақстанда жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Жапондар Қазақстанда жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Бірқатар жоғары технологиялық жобалар Қазақстан-Жапония іскерлік кеңесінің мүшелеріне және ірі жапон компанияларының өкілдеріне қазақстан-жапон онлайн-вебинары аясында ұсынылды.

Онлайн форумға «Marubeni», «Sumitomo», «Mitsui & Co.», «Toyota Tsusho», «Komatsu», «Sojitz», «Toyo Engineering», «Nissin», «Yokogawa Electric», сондай-ақ «Mizuho Bank» және «MUFG Bank» компаниялардың 100-ден астам өкілдері қатысты.

Іскерлік кеңестің төрағасы, «Marubeni» корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Ичиро Такахара өз сөзінде короновирустық дағдарыстан табысты шығу үшін Қазақстан мен Жапония дәстүрлі секторларда ғана емес, дамушы салаларда да сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуі қажеттігін атап өтті. Оның ішінде цифрландыру және қаржы, сондай-ақ жасыл экономика салалары.

Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағасы Бауыржан Сартбаев өз сөзінде соңғы 10 жылда жапондық бизнесмендердің Қазақстанға 4,4 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция салғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда жапон өндірушілерінің қатысуын кеңейтуге бағытталған белсенді келіссөздер жүргізілуде.

«Қазақстан экономиканы әртараптандыруға және бизнес пен инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған кең ауқымды реформалар жүргізуде. KAZAKH INVEST іскер топтар өкілдерінің қатысуымен перспективалы салаларда әлеуеті жоғары жобаларды бірлескен талқылауларды өткізуге және Қазақстан мен Жапония кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстарды орнатуға жәрдем көрсетуге дайын. Сонымен қатар, біз Қазақстан аумағындағы инвесторларға барлық қажетті құралдар мен сервистік қызметтерді ұсынамыз және қолданыстағы іскерлік қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттіміз», - деді Б.Сартбаев.

Іс-шараға спикерлер ретінде мұнай-газ химиясы, АӨК, машина жасау, ТМК және туризм саласындағы жобалардың бастамашылары шақырылды. Өз кезегінде жапондық инвесторлар электромобильдерге арналған батареяларды, сорғы жабдықтарын, құбыр арматурасын және асинхронды электр қозғалтқыштарын өндіру жөніндегі жобаларды іске асыруға, оқу-өндірістік кешен, теміржол серіппелерін жасау жөніндегі желілерді салуға, тұрмыстық техниканы өндіруге, нашар көретін адамдарға арналған тифлотехникалық құралдарды әзірлеу және өндіру жөніндегі ғылыми-техникалық орталығы бар зауыт, мыс өндіру жөніндегі гидрометаллургиялық зауыт салуға қызығушылық танытты.

Іс-шара Жапонияның ТМД елдерімен сауда жөніндегі Жапон қауымдастығымен (ROTOBO) тығыз ынтымақтастықта Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі, KAZAKH INVEST инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесінің жұмыс істеуі шеңберінде ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге