Баспасөз релиздері

Түркістан облысында кірпіш шығаратын зауыт ашылды

Түркістан облысында кірпіш шығаратын зауыт ашылды

Кентау қаласында (Түркістан облысы) кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды. Жобаны «Түркістан» АЭА индустриялық аймағында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Almaty NS Group» ЖШС жүзеге асырды. Инвестиция көлемі 1,7 млрд теңгені құрайды.

завод 2.jpeg

Зауыттың ашылуына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Түркістан» АЭА басқарушы компаниясының өкілдері және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық директоры Ерсұлтан Жаңабаев қатысты.

завод 1.jpeg

«Almaty NS Group» ЖШС жобаны жүзеге асыруды 2021 жылы бастады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 45 миллион дана кірпішті құрайды. Зауыт айына 3 миллионға дейін кірпіш шығарады. Қазіргі уақытта кірпіш пештері орнатылып, бірінші партияны шығару жұмыстары басталды. Өңірдегі құрылыс материалдарына артқан сұранысты өтей отырып, өнім ішкі нарыққа жеткізілетін болады. Компания менеджерлері 2023 жылы толық өндірістік қуатқа шығуды болжап отыр. Айта кету керек, кәсіпорында 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бұл жобаның жүзеге асуы Түркістан облысында құрылыс материалдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге