Баспасөз релиздері

Токиода қазақстан-жапония бизнес форумы өтті.

Токиода қазақстан-жапония бизнес форумы өтті.

Қазақстан делегациясы құрамына ҚР Инвестиция және даму жөніндегі Вице-президенті Арыстан Кабикенов бастаған  «Kazakh Invest», «KTZ Express», СЭЗ «Хоргос – Восточные ворота», СЭЗ «Астана-Технополис», Біріккен химиялық компания, «Алтын» инвестициялық-басқарушы компанияның, «InKazConsulting» өкілдері кірді. 

Жапония жағынан форум жұмысына Экономика, сауда және индустрия министрлігінің, Жапонияның Жер ресурстары, инфрапқұрылым, транспорт және туризм министрлігінің өкілдері қатысты. 20-дан аса жапониялық кәсіпорындарды «Marubeni Corporation», «Mitsui&Co. Ltd», «Tokyo Rope», «Sumitomo Corporation» «Toyota Tsusho Corporation» «Itochu Corporation» секілді ірі компаниялары көрсетті. 

Құттықтау сөзде Елші Ерлан Баударбек-Кожатаев Қазақстан мен Жапония арасында кеңейтілген стратегиялық серіктестік қалыптасып келе жатқанын, соның аясында екі жақты саяси диалог және сауда-экономикалық байланыс белсенді дамып келе жатқандығын атап өтті. Елші форум қатысушыларының назарын Орталық Азияда интеграциялық процестердің күшейіп келе жатқанына және Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтауға бұрды, бұл қазақстан экономикасына инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасайды. 

ҚР Инвестиция және даму жөніндегі Вице-президенті Арыстан Кабикенов қазақстандық экономикаға қатысу Дүниежүзілік сауда ұйымына және ЭЫДҰ-ға мүшелікке мүмкіндік беретінін айта келе,  ұлттық экономиканың шетелдік инвесторларға тартымдылығын арттыруға ҚР Үкіметінің жасап отырған қимылын айтты.

Қазақстан-жапония іскерлік кеңесінің тең төрағасы, «Marubeni Corporation» компаниясының төрағасы Шигеру Ямазое  жапония жағының Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың тереңдеуіне және энергетика, транспорт және логистика, сонымен қатар жасыл технология саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуына мүдделі екендігін айтып өтті.      

Бизнес форум аясында инвестициялық климат, көлік-логистикалық әлеует және Қазақстан Республикасының транзиттік мүмкіндіктері, сонымен қатар тікелей шетелдік инвестиция үшін перспективалы секторлар және бірқатар нақты инвестициялық жобалар презентацияланды.

 

 


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге