Баспасөз релиздері

Шанхайда Қазақстан-Қытай инвестициялық семинары өтті

Шанхайда Қазақстан-Қытай инвестициялық семинары өтті

Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның ҚХР-дағы Өкілдігімен және Шанхай қаласындағы Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитетімен бірлесіп, Шанхай қаласында      Қазақстан-Қытай инвестициялық семинарын өткізді, оның жұмысына 20-дан астам қытайлық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазақстан-Қытай семинары барысында қатысушылар Қазақстанның инвестициялық климатымен және ҚР-дағы перспективалық инвестициялық жобалармен танысты.

Жалпы, қытайлық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастыққа заттық қызығушылық танытып, келешекте осындай іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылатынына сенім білдірді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Шанхай (ҚХР) қаласындағы Бас консулдығы

 


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге