Баспасөз релиздері

2018 жылы құны $16,4 млрд болатын 17 ірі жобаны іске асыруға инвесторларды тарту міндеті тұр - С.Тұяқбаев

2018 жылы құны $16,4 млрд болатын 17 ірі жобаны іске асыруға инвесторларды тарту міндеті тұр - С.Тұяқбаев

Бүгін ҚР Үкіметі отырысы барысында «KazakhInvest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстанның 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясын іске асыру шеңберінде шетел инвестициясын тарту бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат беріп кетті. 

«KazakhInvest» Басқарма төрағасы С.Тұяқбаев экономика қажеттіктерінен шығып 35 мың жұмыс орнын құрумен $47,8 млрд жалпы сомаға шетел инвесторларын қатыстырып 145 жобадан тұратын тізбе қалыптастырылғанын хабарлады. 

2018 жылы әкімдіктер және мемлекеттік органдармен бірлесіп $1,6 млрд сомаға шетел инвестицияларын қатыстырумен 15 жоба құрылысы бастау алады және $3 млрд сомаға 23 жоба пайдалануға енгізілетін болады. Қазақстан өңірлері шегінде пайдалануға енгізілуі жоспарланатын инвестициялық жобалардың көп саны Алматы облысына - 5 жоба ($179 млн.), ОҚО - 5 жоба ($1,9 млрд.), Алматы қаласы – 5 жоба ($187 млн.), Астана қаласы - 2 жоба ($244 млн.) және Қостанай облысына - 2 жоба ($14 млн.) келеді. 

Бұдан басқа ағымдағы жылы міндеттеу құжатына қол қоюмен $16,4 млрд сомаға ірі 17 жобаны іске асыруға инвесторларды тарту міндеті алда тұр. 


«Инвесторларды тарту үшін бүгінгі таңда Deloitte компаниясымен бірлесіп 50 «ірі» жоба дайындалды. Инвестициялық ұсыныстар халықаралық стандарттарға сәйкеседі және қазірден бастап жұмыста. Ағымдағы жылы «Үлкен төрттіктен» халықаралық деңгейдегі консультанттарды қатыстырып жаңа инвестициялық жобаларды дайындаймыз», - деп хабарлады С.Тұякбаев.

Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру шеңберінде инвесторлармен жұмыс атаулы қағидат бойынша құрылады. 2018 жылғы сәуір айында әр басымдықты ел немесе елдер тобы үшін «Елдік стратегия» немесе нақты елмен жұмыс істеуге қатысты нұсқама құрылатын болады. Бұдан басқа осы бағыттағы жаңашылдық Ирландия, Испания, Нидерланды, Италия, РФ және т.б. сияқты елдерден инвестицияларды тартумен айналысатын компанияларды (Multiplier) қатыстыру болып табылады. 

«Біздер сонымен бірге шетел инвесторлары үшін жайлы жағдайды қамтамасыз етуге күш жұмсай    мыз. Инвесторлардың проблемалық мәселелерін «ерте бастан елеу» жүйесі енгізіледі. Бұл «инвестициялық омбудсмен» институтын нығайту. Сондай-ақ 2018 жылғы мамыр айында Қазақстанда болуы укезінде инвесторларға көмек көрсетуге арналған «Call-center» іске қосылады», деп атап кетті «KazakhInvest» басшысы.

А.ж. маусым айында Invest.gov.kz сайтында инвесторлармен жұмыс істейтін ақпараттық-мониторингтеу жүйесі (CRM) іске қосылады. Әр инвестор CRM жүйесіне қол жеткізе алады. Осы үлгімен уәкілетті органдар инвестициялардың тартылу процесін, инвест жобалардың іске асырылуын тексеріп қана қоймай, проблемалық телімдерді танып, олардың туындай себептерін талдап, оларды жылдам жоюға мүмкіндік алады. Аталған аспап инвестормен жылдам кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Анықтамалық: Ұлттық инвестициялық стратегия шеңберінде «KazakhInvest» Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан трансұлттық компаниялар және ірі шетел инвесторлармен жалғыз келісімге келуші компания болып табылады. Ұлттық стратегияда шетел инвестицияларын тарту үшін басым салалар анықталған (АӨК, машина жасау, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, кен-металлургия кешені, сауда) және үлестеріне әлемде 80 % инвестиция келетін 11 басымдыққа ие елдер анықталған (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ). 2022 жылға қарай ПИИ жаппай өсімі 1,26 есе артуы жоспарланып отыр, жаппай ПИИ көлемінің 2022 жылға қарай ЖІӨ қатынасы 19% дейін артады; Тиімділікті арттыруға бейімделген ПИИ 1,5 есе артады; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 1,46 есе ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есе ұлғаяды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге