Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» кеңсесінде CERBA Канадалық Іскерлік Қауымдастығының басшылығымен кездесу болды

«Kazakh Invest» кеңсесінде CERBA Канадалық Іскерлік Қауымдастығының басшылығымен кездесу болды

Астанада «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың «CERBA» Канадалық Іскерлік Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, «Condor Petroleum» атқарушы директоры Норман Сторммен және «CERBA Kazakhstan» директоры  Тасқын Қошманмен кездесуі болды. 

CERBA компаниясы – 140-тан артық корпорациялар мен жеке адамдарды білдіретін канадалық қауымдастығы. Алматыда, Мәскеуде, Монреальда, Оттавада, Торонтода, Калгари мен Ванкуверде орналасқан жеті өңірлік өкілдіктерінің өз желілерінің арқасында CERBA халықаралық конференциялардың, семинарлардың, B2B кездесулердің және сауда миссяиларының көмегімен бизнестің дамуын қолдайды. Қауымдастық Ресейлік-Канадалық Іскерлік Кеңесінің (RCАBC) және Қазақстандық-Канадалық Іскерлік Кеңесінің (KCBC) - екі жақты іскерлік ынтымақтастықты дамытуға және салалық комитеттер арқылы нақты мәселелерді шешуге бағытталған ұйымдардың ортақ құрылтайшысы болып табылады.   

Келіссөздер кезінде тараптар Kazakh Invest-тің CERBA Канадалық іскерлік қауымдастығының мүшесі ретінде кіру мәселелері және ынтымақтастығы жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарлары,  Ванкувер және Торонто қалаларында ТКМК саласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері бойынша роуд-шоу жүргізу, сондай-ақ 2019 жылдың наурыз айында Торонто қаласында Дүниежүзілік тау конгресінде қатысу мәселелері талқыланды.

2017 жылдың 28 қараша айында  Kazakh Invest мен CERBA Канадалық іскерлік
қауымдастығының арасында Ынтымақтастығы туралы негізгі келісімге қол қойылды,
ол канадалық компанияларды ҚР-да жобаларды іске асыруға тарту саласында
ынтымақтастығын, сондай-ақ іс-шараларды бірлесіп өткізуді қамтиды. CERBA мүшелері
Канада мен Еуропа елдерінің және ТМД-ның 200-ден артық компаниялары болып
табылады. CERBA мүшелерінің қауымдастықтың іскерлік байланыстарды реттеуде  көмек көрсету бөлігінде басымдық назары,
сондай-ақ ұйымның барлық іс-шараларында тегін қатысуы болады.
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге