Баспасөз релиздері

Қазақстанда күн электр станцияларына арналған панельдер өндірісі кластері іске қосылады

Қазақстанда күн электр станцияларына арналған панельдер өндірісі кластері іске қосылады

Бейжінде «KazakhInvest» компаниясының атсалысуымен өтіп жатқан Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің отырысы барысында Қазақстан жер аумағында отандық күн элементтері (KazPV) пайдаланылып іске асырылатын жаңартылатын энергетика (күн және су энергетикасы) облысындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Үшжақты келісімге «KazakhInvest», «ECMTechnologies» француз компаниясы және қытайлық «CEEC – NWPC International» компаниясы қол қойды. Осы мақсатта өткен аптада «ECMTechnologies» француз компаниясымен келіссөз жүргізілген болатын, нәтижесінде «ECMTechnologies» компаниясының және қытайлық NWPC компаниясының қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрылды.

Бұл келісім шеңберінде күн элементтерінің толық циклін өндіру ғана емес, сонымен қатар станциялар құрылысын «кілтке дейін» салу да қарастырылғанын айта кеткен жөн. Алғашқы тапсырыстар Ресейден 300 МВТ көлемде, Қазақстаннан және басқа Орталық Азия елдерінен жоспарланып отыр.

Бұл жобаға француздық технологиялар, қытайлық кәсіпорынның станциялар құрылысын «кілтке дейін» салу тәжірибесі пайдаланылады, сонымен қатар олардың инвестициялық қорларының инвестициялары тартылады.

Қазақстандағы күн электр станцияларының құрылысына инвестициялардың жалпы көлемі 300 млн АҚШ доллары көлемінде жоспарланған, олар «NPWC» компаниясының және қытайлық қаржылық институттардың қатысуымен тартылатын болады.

Естеріңізге сала кетелік, Бейжінде жалпы сомасы 13 млрд.  АҚШ долларын құрайтын  экономикалық сипаттағы 40 құжатқа қол қойылды, олардың 15-і - «KazakhInvest» атсалысуымен. Бұл келісімдерге сәйкес, Қазақстанның жер аумағында машинажасау, биотехнологиялар және т.б. салаларда жаңа жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу жоспарланған.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге