Баспасөз релиздері

Қазақстанда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасы іске қосылады

Қазақстанда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасы іске қосылады

Алматы қаласында өткен «Қаржы даму институттары және орнықты инфрақұрылым: операциялық модельдер мен әдістер» конференциясы (ADFIAP-тың жылдық 46-шы басқосуы) шеңберінде Еуразиялық даму банкі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны іске қосу туралы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға  қол қойылды.

Бұл құжатты Еуразиялық Даму Банкі Төрағасының орынбасары Руслан Дәленов, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің Tөрағасы Ардақ Зебешев және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарының м.а. Сармат Өтеғалиев өз қолдарымен бекітті.

«Boston Consulting Group» болжамына сәйкес, алдағы 10 жыл ішінде Орталық Азия өңірінің тікелей шетелдік инвестицияларды тарту әлеуеті $170 млрд көлемінде бағаланып, оның шамамен $100 млрд.  Қазақстанға тартылмақ. Қазіргі уақытта біздің ел өңірдегі инвестициялық магнит болып табылады және әлемдік экономикалық жағдайдың геосаяси сын-тегеуріндері мен турбуленттілігін ескере отырып, бірыңғай отандық инвестициялық платформаны іске қосу аса өзекті болмақ.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның құрылымына ҚР Сыртқы істер министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, отандық даму институттары мен қорлары, квазимемлекеттік сектордың компаниялары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тартылады.

eb0e3d123289d60cc1382a01decaccfa_1280x720.jpg

ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев атап өткендей, «Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа инвестор-компанияларды тартудың (онбордингтің) өзіндік «жол картасы» болады. Платформа базасында жобалар мен инвесторлар үшін консультациялық және ақпараттық қызметтерді интеграциялау бөлігінде «бір терезе» қағидаты негізінде іске асырылады. Тұтас ақпараттық панельдер (бақылау тақталары) елдегі инвестициялық қызметті бақылаудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді және инвестициялық процесске қатысушылардың сапалы өзара іс-қимылын арттырады. Цифрландыру есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру уақыты айтарлықтай қысқарады.  Содан кейін жобаларды іске асыру кезінде туындайтын инвесторлардың өзекті мәселелері ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін Инвестициялық штаб отырыстарына шығарылатын болады».

Ұлттық инвестициялық платформаның технологиялық процессі инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталатын болады.

Бірыңғай Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны енгізу нәтижесінде инвестициялық жобалардың параметрлері мен статустары туралы деректермен алмасу процессі жеделдетіліп, құжаттарды сақтау процессі оңайлатылады және инвестициялық жобаларды пысықтау сапасы артатын болады.

Осы платформа Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асырудың оңтайлы жолдарын ұсыну арқылы Қахақстанға қосымша ТШИ ағындарын тартуға көмектеседі.

Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге