Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST-те Германиядағы шетелдік өкілді тағайындады

KAZAKH INVEST-те Германиядағы шетелдік өкілді тағайындады

"KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының шешімімен Сәкен Нұрланұлы Олжабаев "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ-ның Германия Федеративтік Республикасындағы жаңа шетелдік өкілі болып тағайындалды.

Олжабаев Сәкен Нұрланұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің және University College London (MSc) Мемлекеттік саясат мектебінің магистратурасының түлегі (MSc). "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі.

Еңбек жолын 2013 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасында Қоғамдық келісім, талдау және мониторинг бөлімінің стажер-талдаушысы ретінде бастаған.

2015 жылдан 2018 жылға дейін – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Директорының орынбасары.

2018 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қаңтарға дейін - "CIFAL GROUPE" АҚ-ның (Франция) Қазақстандағы Өкілдігінің жобалар жетекшісі.

"KAZAKH INVEST" ҰК " АҚ-да 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Жобалар департаментінің менеджері, Инвестиция тарту департаментінің елдік менеджері, Инвестиция тарту және маркетинг департаментінің жобалық менеджері, Директордың орынбасары, Директорының м.а. қызметтерінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың төрағалығымен Герман инвесторларымен өзара іс-қимыл және жұмысты күшейту жөніндегі Үкіметтік жұмыс тобы Хатшылығының мүшесі.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап Олжабаев Сәкен Нұрланұлы ГФР-дағы (Берлин қ.) "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ шетелдік өкілі міндеттеріне кіріседі. Жетекшілік ететін елдер тізбесіне – Швейцария Конфедерациясы, Чех Республикасы, Норвегия Корольдігі, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдігі, Дания Корольдігі, Сербия Республикасы, Австрия Республикасы, Болгария Республикасы, Бельгия Корольдігі, Словения Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Исландия, Ирландия Республикасы кіреді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге