Баспасөз релиздері

Қарағанды облыстық әкімдігінде инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Қарағанды облыстық әкімдігінде инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Іс-шара барысында инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері, сондай-ақ инвестиция тарту және кәсіпкерлік қызметті қолдау мәселелері талқыланды.

Семинар жұмысына облыс әкімдігінің өкілдері, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Меиіржан Юсупов, сондай-ақ "QazIndustry", "Бәйтерек" Ұлттық холдингі, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығының, ҰКП "Атамекен" және «Даму» қорының өңірлік бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Қарағанды облысы "Linde Group", "Halliburton" және басқа да көптеген ірі трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істейтін салаларда индустриалды дамыған облыстардың бірі болып табылады.

Өңірдің тағы бір перспективалы бағыты - ет пен сүтті өңдеу. Туризм белсенді дамып келеді - Балқаш көлі мен Қарқаралы ауданын дамытуға инвестиция салынуда.

2014 жылдан бастап 2022 жылдың III тоқсанына дейінгі кезеңде Қарағанды облысына ТШИ жалпы көлемі $ 2,6 млрд құрады. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібіне $ 1,4 млрд (53%), басқа салаларға $ 1,2 млрд (47%).

ҚР СІМ Инвестиция комитетінің Төрағасы Ардақ Зебешев тренингке қатысушыларға ел экономикасына инвестицияларды тартуды мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары ретінде ҚР СІМ Инвестиция комитеті инвестициялық келісімшарт жасасу арқылы преференциялар беретінін айтты. Мысалы, Қарағанды облысында 2007 жылдан бастап жалпы сомасы 768,2 млрд. теңгеге 36 инвестициялық келісімшарт жасалды. Оның ішінде: жалпы сомасы 520,9 млрд. теңгеге 20 қолданыстағы инвестициялық келісімшарт және 117,3 млрд.теңгеге 9 аяқталған инвестициялық келісімшарт.

Қарағанды облысының қолданыстағы инвестициялық келісімшарттарының ішінде ең ірі жобалардың бірі Саран қаласында шиналар өндірісі, сондай-ақ Қарағанды облысының Балқаш қаласында 100 МВт күн электр станциясының құрылысы деп атауға болады.

"KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Меиіржан Юсупов айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы қалыптастырылды, ол бүгінгі күні жалпы құны 32 трлн тенге болатын 930 жобалар тұрады. Қарағанды облысынан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулына 2 трлн. тенгеге 54 жоба кірді. Оларды іске қосу кезінде 6 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 217 млрд.теңгеге 18 жоба пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы өңірде шамамен 155,5 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, семинар барысында KAZAKH INVEST "бір терезе" тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова ақпараттық және заңдық сүйемелдеуді, инвестициялық келісімшарт жасасуды қамтитын сервистік қолдау жүйесінің функционалдығы туралы айтып берді. Инвестициялар туралы келісім, сондай-ақ салық несиесі сияқты инвесторларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары егжей-тегжейлі баяндалды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды фронт-офисіне 40 инвестициялық жобаны іске асыруға жәрдемдесу бойынша инвесторлардан 41 өтініш түсті. Өтініштер жер учаскесін ресімдеу, инвестициялық келісімшарт жасасу және АЭА/ИА және т. б. қатысуға құжаттар беру рәсімдеріне қатысты болды.

Қарағанды облысына сапар аясында Ардақ Зебешев пен Меиіржан Юсупов өңірдің бірқатар өнеркәсіптік нысандарын аралады.

Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге