Баспасөз релиздері

Қарағандыда Қазақстан Республикасындағы ең ірі көтерме-тарату орталығы ашылды

Қарағандыда Қазақстан Республикасындағы ең ірі көтерме-тарату орталығы ашылды

2020 жылдың 4 шілдесінде Қарағанды қаласында аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы ең ірі көтерме-тарату орталығы іске қосылды. Жобаның құны 24 млрд теңгені құрады. Орталық қоймаларды, көкөніс қоймасын, кедендік рәсімдеу аймағын және т.б. қамтиды. Жүк тиеу-түсіру және жүктерді өңдеу орталығының қуаттылығы жылына 350 000 тоннадан асады.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ тарапынан инвесторға ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі Комитетімен инвестициялық келісімшартқа қол қоюға, мемлекеттік заттай грантты ресімдеуге, сондай-ақ инвестициялық келісімшартты іске асыру барысында бірқатар мәселелерді шешуге көмек көрсетілді.

"Біз Kazakh Invest көрсеткен көмегі үшін ризамыз. Бұл жобаның басты мақсаты өңір мен елді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, соңдай-ақ көрші елдерге сапалы өнімді экспорттау. Мұнда жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін делдалсыз сата алады, оларға 1000-нан астам сауда орны беріледі. Бұл жоба Қазақстандағы ең ірі және қазіргі заманғы көлік-логистикалық кешендердің бірі болып табылады деп сеніммен айта аламын. Нысанды салу кезінде біз Франциядан келген әріптестеріміздің үздік тәжірибелерін қолдандық. Қазақстан арқылы жыл сайын ерекше сақтауды талап ететін миллиондаған тонна транзиттік жүк өтеді. Ал жергілікті нарықта тауарлар өткізу үшін кешен аумағында кедендік рәсімдеу бойынша қызметтерді алуға болады", - деп атап өтті "Global City" КТО құрылтайшысы.

Жобаның бастамашылары атап өткендей, 60 га аумақта бір мезгілде сақтау қуаты 12 000 тоннаға дейін, жалпы көлемі 14 мың шаршы метр болатын құрғақ сақтау, климаттық және кедендік қоймалар және 300 жүк автокөлігіне арналған тұрақ.

Өнімді сатуға ыңғайлы болу үшін жобаның аумағында екі кросс-док қарастырған, онда бір уақытта 164 жүк автомобиль сатуды жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, аумағы 9 мың шаршы метр болатын сауда павильондары мен 124 контейнерге арналған жүк терминалы, сондай-ақ жалпы аумағы 2 000 шаршы метр болатын ет павильоны салынды.

Жобаны іске асыру 500-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, сауда қатарларын жүз пайыз толтырған жағдайда қосымша 2 000-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Алдағы уақытта сауда аймақтарын кеңейту, сондай-ақ заманауи қонақ үй кешенін салу жоспарлануда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге