Баспасөз релиздері

Дубайда «Trade and Economic Mission to UAE» сауда миссиясы өтті

Дубайда «Trade and Economic Mission to UAE» сауда миссиясы өтті

Дубайда «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдігімен Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірлесіп «Trade and Economic Mission to UAE» сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылды.

Шараға БАӘ-нің 34 компаниясының және Қазақстанның 16 компаниясының өкілдері қатысты. Әлеуетті серіктестермен келіссөздер өткізілді, онда перспективалық ынтымақтастық шарттары егжей-тегжейлі талқыланды.

Араб бизнесінің өкілдері ауыл шаруашылығы, металлургия, мұнай-газ, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі секілді салалардағы қазақстандық өндіріс тауарларымен танысты.

«БАӘ экономикасының түрлі салаларындағы көшбасшы компаниялар бүгінде бизнес-серіктестік тұрғысынан Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда. Қазақстан мұнда елеулі перспективасы бар, тұрақты әрі белсенді дамушы аймақ ретінде бағаланады. БАӘ бизнесі ҚР аумағында өндіріс орындарын құру және инвестициялау форматын қарастырады, себебі оларды жоғары қосылған құны бар толық топтама қызықтырады», — деді шара аясында БАӘ-дегі Kazakh Invest өкілдігінің басшысы Илья Уразаков.

Екі елдің бизнес-қауымдастығының өкілдерімен кездесуде Илья Уразаков басым инвестициялық жобаларға арналған салық жеңілдіктері, шетелдік инвесторларға арналған «бірыңғай терезе» қызметі туралы айтып берді.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 2017 ж. $640 млн жетті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге