Баспасөз релиздері

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт жұмысын бастады. Жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Kazrost Engineering Ltd БК компаниясы (Georgian Industrial Group грузиялық компаниясының еншілес кәсіпорны) жүзеге асырды. Жоба құны $60 млн құрады.

Инвесторлардың айтуынша, ресейлік ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші «Ростсельмаш» ЖШҚ-мен лицензиялық келісім негізінде компания 220 комбайн, 155 дестелегіш және 92 жинағыш платформаларын өндірді. Жоба қуаттылығын жылына 425 бірлікке жеткізу жоспарланып отыр, оның 10% - ы экспортқа шығарылады. Жобаны жүзеге асыру 150 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

«KAZAKH INVEST-пен белсенді ынтымақтастықтың арқасында біз зауытты іске қосып, белгіленген мерзімде техника өндірісін бастадық. Компания өкілдері отандық өндіруші мәртебесін алу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін мемлекеттік органдармен барлық қажетті келісімшарттарға қол қоюға толық көмек көрсетті», - деп хабарлады Kazrost Engineering Ltd. Дарын Иманмусаев.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орташа тозуы 76% құрайды. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы техникасы паркін қолданыстағы жаңарту айтарлықтай дәрежеде импорт есебінен жүзеге асырылады. Техниканың жеке түрлері бойынша жыл сайынғы импортт көлемі 90%-ға дейін жетеды.

«Аталмыш жобаны жүзеге асыру шетелден қымбат тұратын техниканы сатып алуға фермерлердің шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Өндіруші аграрияларды қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып жатыр. Оның ішінде мемлекет субсидиялайтын "Агротехника" бағдарламасында да бар. Сонымен қатар, мемлекет ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде 20-25% көлемінде инвестициялық субсидия береді", - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Ұлбосын Сарыбаева.

Georgian Industrial Group - көмір, энергия өндіруді қоса алғанда, әртараптандырылған бизнес-қоржыны бар Грузиядағы ең ірі өнеркәсіптік холдинг. Комппанияның ТМД және алыс шетелдерде өкілдіктері бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге