Баспасөз релиздері

Орталық Азия мен Жапония сауда-экономикалық қарым-қатынастары тұрақты дамып келеді

Орталық Азия мен Жапония сауда-экономикалық қарым-қатынастары тұрақты дамып келеді

Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 30 жылдығы аясында Токиода Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ұйымдастырған Орталық Азия инвестициялық форумы-2022 ауқымды іс-шарасы өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев басқарды.

Форум Орталық Азия елдері, Моңғолия және Жапония үкіметтерінің өкілдерін, халықаралық және салалық сарапшыларды және ЕҚДБ өкілдерін, сондай-ақ жапондық іскер топтарды біріктірді. Жасыл энергетика, инфрақұрылымды дамыту, көліктік-логистикалық дәліздердің тұтастығын қамтамасыз ету және т.б тақырыптарда панельдік пікірталастар өтті.

photo1669951836.jpeg

Іс-шара аясында Жапонияның ірі қаржы-өнеркәсіптік корпорацияларымен кездесулер өтті, олардың ішінде Mitsubishi Corporation, Sumitomo Corporation, Marubeni Corporation, Canon Medical Systems, MUFG, Sojitz Corporation және т.б. бар. Кездесулер барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі берген преференциялар туралы айтып, сондай-ақ жапон бизнесін инвестициялық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуге шақырды.

photo1669951836 (1).jpeg

Атап айтқандай, ағымдағы жылдың қараша айында Жапония парламенті Орталық Азия елдерімен парламенттік достық лигасын құру туралы шешім қабылдады.

Жапония 1993 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі $7,7 миллиард асатын Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. Қазақстан-Жапония инвестициялық жобаларының тізбесі жалпы сомасы $1,6 миллиард құрайтын 21 жобадан тұрады. Бүгінгі таңда $700 миллион құрайтын 11 жоба сәтті жүзеге асырылды.

ЕҚДБ болжамына сәйкес, Орталық Азияның ЖІӨ 2022 жылы 4,3%-ға, 2023 жылы 4,8%-ға өседі. Аймақ экономикалары қазіргі геосаяси қиыншылықтарға жоғары төзімділік танытып, нарықтарды ашуда және жалпы бизнес ортаны жақсартуда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге