Баспасөз релиздері

Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында құны $9 млрд келісімдерге қол қойылды

Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында құны $9 млрд келісімдерге қол қойылды

Нұр-Сұлтан қаласында  ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның төрағалығымен Үшінші жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөнгелек үстел «Kazakhstan Global Investment Roundtable» өтті (KGIR-2019).

KGIR-2019 қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін маңызды инвестициялық оқиғалардың бірі бола отырып, өз алаңында 1100-ден астам ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшыларын, халықаралық сарапшыларынү мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Олардың ішінде 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компаниялардың топ-менеджерлері бар.

Шара барысында қатысушылар жалпы құны 8,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 43 коммерциялық келісімдерге қол қойды.

Атап айтқанда, газ-химия саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Westgasoil» компаниясы (Сингапур) метанол және олефиндерді өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаны жүзеге асыру химия өнімдердін өндіруін орналастырып, елдің газ-химия кешенін дамыту арқылы импорт алмастыруды қамтамасыз етеді.

Экспортты дамыту мақсатында «Yıldirim Holding» (Түркия) және Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысында сода өндіру зауытының құрылысы туралы келісімге қол қойды. Зауыттың жылдық қуаттылығы 400 мың тонна құрайды.

Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортауға бағытталған жылыжай кешендерін салу жобасы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Ресей инвесторы (АПХ «ЭКО-Культура») арасында тиісті келісім түзелді. Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібінде Павлодар облысының әкімдігі мен Beijing NAALE GROUP (Қытай) арасында қант зауытын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Көлік және логистика саласында «YDA Holding» (Түркия) Түркістан облысының әкімдігімен Түркістан облысында халықаралық әуежайын салу туралы келісімге қол қойды. Бұл Қазақстан тарихындағы жаңадан соғылып жатқан алғашқы әуежай болады. Көлік саласындағы тағы бір жоба - Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында логистикалық хабты құру. Бұл ретте, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «AEON» корпорациясы (Ресей Федерациясы) арасында тиісті меморандум түзелді. Шетелдік инвестор Ресейдің 14 аймақтық әуежайларында (Новосибирск, Челябинск, Волгоград, Томск, Астрахань, Чита, Тюмень, Пермь, Мурманск, Кемерово, Минеральные Воды, Калининград, Улан-Удэ, Владикавказ және т.б.) бақылау пакеттерін басқарады. Жоба Қазақстандағы қосымша авиациялық хабты құруға және Еуропа-Азия бағытындағы мультимодальды жүктерді тасымалдаудың жаңа бағытын ашуға бағытталып, елімізді транзиттік дәліз ретінде нығайтуға мүмкіндік береді.

Тау-кен металлургия секторында Canarax Trading LLC (БАӘ) және Павлодар облысының әкімдігі ірі жобаны іске асыру туралы келісімге қол жеткізді. Тараптар қуаттылығы жылына 165 мың тоннаға дейін техникалық кремний өндіретін зауытты салуды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде 30 мың тонна өнім шығару жоспарлануда. Зауыт өнімдері металл қорытпаларын, органикалық қосылыстар, электроника және күн энергиясын өндіруде қолданылады.

Денсаулық сақтау саласында Шымкентте 1000 орындық инновациялық клиниканың құрылысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» мен «Shanghai Constructions Group» (ҚХР) арасында меморандум түзелді. Заманауи технологиялар бойынша жабдықталған клиника медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынып,  Орталық Азиядағы протон терапиясының жалғыз орталығы болады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, білім беру саласында еліміздің үш аймағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сингапурлық инвестор (Kinder World) «Білім метрополисін салу - мектеп, колледж, университет» жобасының жол картасына қол қойды. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық мектептер желісі, колледж және білім беру кешені салынады.

Бұдан бөлек, деректер орталықтарының құрылысы және Қазақстанда 5G жобасын іске асыру секілді жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

ҚР Премьер-Министр А. Маминнің айтуынша, инвестициялар - Қазақстан дамуының басты факторы. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына $300 млрд  астам инвестициялар құйылды.

«Бүгінде еліміз шетелдік инвесторлар үшін ауқымды мүмкіндіктерді ұсынады. Біздің экономикамыз үшін инвестициялардың маңыздылығын түсіне отырып, біз шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі Үйлестіру кеңесін құрдық, маған инвестициялық омбудсменнің міндеттері жүктелді. Әрине, бұл бізге инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелерді жылдам шешуге және инвесторлармен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді », - деді Үкімет басшысы KGIR-2019-дың пленарлық отырысында.

Еліміздің инвестициялық ахуалдан басқа жекешелендіру бағдарламасының одан әрі іске асыру және компанияларының IPO-ға шығуы,  қаржы нарығы мен технологияларды дамыту, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, сондай-ақ энергетикалық және тау кен металлургиялық кешендерінің даму қарқыны талқыланды. Бұдан бөлек, маңызды сұрақтардың қатарында Қазақстанның Азия мен Еуропа арасында құрлықтық сауда үшін көлік және логистика орталығы ретінде калыптасуы, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі және Қазақстанның агроөнеркәсіптік  әлеуеті.

KGIR-ды жалғастыра отырып АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Сингапур және Оңтүстік Корея секілді басым елдерде инвесторларды таргеттеу үшін бірқатар ірі инвестициялық іс-шараға ұйымдастырылады.

KGIR-2019-дың ұйымдастырушылар – ҚР Сыртқы істер министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ. Контент бойнша серіктесі - Financial Times тобының басылымдары (fDi Magazine, The Banker).

Анықтама: KGIR - Қазақстан Республикасының жыл сайынғы инвестициялық іс-шарасы. Дөңгелек үстел ҚР Премьер-Министрінің, ТҰК-тың бірінші басшыларының, ірі инвесторлардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылардың, үкіметтік ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтеді. KGIR-2018 аясында қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында жалпы сомасы 4,7 млрд. АҚШ доллары құрайтын 32 коммерциялық құжатқа қол қойылды. 

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
тел.: 7 7172 620 510
+ 7 701 498 53 14


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге