Баспасөз релиздері

Роман Скляр ірі неміс компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізді

Роман Скляр ірі неміс компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізді

Іс-шара жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы Қазақстан-герман ынтымақтастығын тереңдетуге арналған. Онлайн-кездесуге Германияның 100-ден астам жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты, олардың ішінде Volkswagen, Siemens, Linde, Schaeffler, Knauf, Lufthansa, SMS group, DMT және т. б.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр өз сөзінде Германиядан келген әріптестерді бәсекеге қабілеттілікті арттыру, инвесторларға нарықтық жағдай жасау, саланың кәсіби және технологиялық деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Үкіметінің геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалары туралы хабарлады. Р.Скляр дағдарыстан кейінгі даму жағдайында экономиканы әртараптандыру және жаңа индустриялық өндірістерді құру мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Бұл бағыттағы белсенді жұмыс 2012 жылғы 8 ақпанда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ГФР-ға сапары аясында қол қойылған «Қазақстан мен Германия арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы» үкіметаралық келісім шеңберінде жүргізілуде.

ТМК саласындағы инвестициялық әлеуетті Павлодар және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары таныстырды. Оған индустрия және инфрақұрылымдық даму, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, СІМ Инвестициялар комитетінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылары қатысты.

Неміс тарапынан Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс сөз сөйледі. Ол шикізаттық ынтымақтастықта екіжақты экономикалық байланыстарды күшейтудің, өнімді өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. ГФР Үкіметінің шикізат ынтымақтастығы жөніндегі уәкілі Томас Гэкле екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылының өзектілігін атап өтті.

Қазақстанда ТМК-ны дамытуға қатысу перспективаларына Герман өнеркәсібі Федерациясының (BDI) өкілі Маттиас Вахтер, «Hermann Paus Maschinenfabrik GmbH»басқарушы директоры Франц-Йозеф Пауз және ЕҚДБ Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Агрис Преиманис ерекше назар аударды.

Соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті, онда қатысушылар практикалық мәселелердің іске асырылу барысын талқылады, болашақта осындай кездесулерді тұрақты өткізуді жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге