Баспасөз релиздері

«Kostanay Invest - 2018» Өңірлік Инвестициялық Форум

«Kostanay Invest - 2018» Өңірлік Инвестициялық Форум

2018 жылдың 12 қазан айында Қостанай қаласында «Kostanay Invest - 2018» Өңірлік Инвестициялық Форум болды.

Өңірлік инвестициялық форумның жұмысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев қатысты, ол қатысушыларды инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау бөлігінде қолданылатын шаралар жөнінде хабарландырды.

Сонымен қатар, форумда орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдері, ұлттық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттары мен компанияларының өкілдері, сондай-ақ Бельгияның, Индонезияның, Өзбекстан мен Ресейдің ресми өкілдері қатысты. 

Форум барысында жалпы сомасы 251 млрд. теңгеге ынтымақтастығы туралы 19 құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде: Қостанай облысының әкімдігі мен Hangteng Auto Co. Ltd. Қытай компаниясының арасында жеңіл автомобильдер өндіруді ұйымдастыру туралы; «AYTEI GROUP» Холдингтік компаниясы» ЖШС-мен тасты кесу және өңдеу, үстелдің үстіңгі тақтайын, жуынатын бөлмеге арналған шұңғылша жасау бойынша зауыттың құрылысы туралы; «Қызыл гвардия машина жасау зауыты» АҚ-мен ірі тартып-үрлеу машиналары мен ортадан тепкіштік айдағыштарды өндіру жөніндегі меморандумдар; сондай-ақ облыс әкімдігінің және «Bio Grain» ЖШС арасында дәнді және майлы дақылдарды өңдеу бойынша хабтың құрылысы туралы жол картасы. 

Форум қостанайлық кәсіпорындарға жаңа әлеуетті серіктестермен байланыс орнатуға, олардың қызметін ақпараттық қолдауды кеңейтуге және келешек жоспарларды іске асыруға жаңа импульс алуға мүмкіндік берді.

Форумның екінші күні қонақтарға Қостанай қаласындағы индустриалдық аймаққа, сондай-ақ ауылшаруашылық техника мен автомобильдер көрмесіне бару мүмкіндігі берілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге