Баспасөз-релиздері

Баспасөз-релиздері

ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты

ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты

Алматыда "Digital Almaty: жаһандық экономиканың сандық болашағы" Халықаралық форумы өтуде. Оның жұмысына ЕЭО мүше-елдерінің үкімет басшылары, саяси көшбасшылар, жетекші CEO, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты. Пікірталастың басты тақырыбы үлкен деректер мен жасанды интеллект негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдарын талқылау болды.

Форум басталмастан бұрын Үкімет басшысы шараның арнайы шақырылған қонағы – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ф. Хохшильдпен кездесу өткізді, онда БҰҰ цифрлық күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның аймақта цифрландыру мен инновацияларды ілгерілетудегі рөлі талқыланды.

«Деректер мен жасанды зерде негізінде тұрақты аймақты құру» тақырыбындағы форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда жасанды зердені қолданудан болатын жалпы экономикалық тиімділік жылына шамамен $25 млрд құрауы мүмкін екенін атап өтті. Ең үлкен нәтиже қызмет көрсету саласында – жылына $15 млрд-қа дейін, және тау-кен өндіру саласында – $9 млрд-қа дейін күтілуде. Astana Hub халықаралық АT-стартаптардың технопаркі инновациялық орталық болуға шақырылады, оның негізінде «Alem» АT бағдарламалау мектебі оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып жұмыс істейді.

«2019 жылдың қыркүйегінде біз инновациялық АT-университетті аштық. Қазіргі уақытта АТ-университеттің Amazon және UNICEF секілді алдыңғы қатарлы АT компаниялармен және даму институттарымен ынтымақтастық мәселесі пысықталуда. “Астана” халықаралық қаржы орталығы негізінде бағдарламалаушыларды дайындауға маманданған Qwazar компаниясымен бірге инновациялық бағдарламалау мектебін ашу жоспарлануда», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форуммен (ДЭФ) бірлесіп «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында ДЭФ Төртінші өнеркәсіптік революция орталығын іске қосу туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті. Ол осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Премьер-Министр Қазақстанда Smart Data Ukimet жобасы аясында жасанды зерде технологияларын пайдалану бойынша алғашқы қадамдар жасалғанын атап өтті. Назарбаев Университетінің базасында Смарт жүйелер және жасанды зерде институты құрылды.

Үкімет басшысы жасанды зерде технологияларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін ЕАЭО аясында үйлестірілген шараларды қабылдаудың қажеттігін атап өтті.

Премьер-Министр көлік және логистика саласында жасанды зердені қолдану транзиттік бағыттарды оңтайландыруға ықпал ететінін, кеден саласында шекаралардан өту уақытын жеделдететінін, саудада көлеңкелі және контрафактілік айналым көлемін азайтатынын атап өтті.

Форумның пленарлық сессиясына Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Ресей Премьер-Министрі М. Мишустин, Молдова Премьер-Министрі И. Кику, Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Разаков және Армения Премьер-Министрінің орынбасары М. Григорян, ЕЭК Алқасының төрағасы Т. Саркисян, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ф. Хохшильд, «Amazon Web Services» үкіметті трансформациялау жөніндегі директоры Л. Максвелл, «01 Edu system» негізін қалаушы Н. Садирак және Ұлыбритания Мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры К. Фергюсон қатысты.

Форумға KAZAKH INVEST өкілі- IT-жобалар бойынша кеңесші Яхия Төлешов қатысты. "Біздің міндетіміз цифрландыру саласында еліміздің даму қарқынын арттыру. Әсіресе, 5G ұялы байланыстың бесінші буынын дамыту, сондай-ақ «заттар интернеті» (ІоТ), жасанды интеллект және Big Data дамыту маңызды. Біз осы компаниялардың мүмкіндіктерін және біздің ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалануға тиіспіз. Айта кету керек, Қазақстанда табысты жұмыс істеу үшін инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған және бүгін біз Қазақстанда жобаларды дамытуға дайын инвесторлар үшін толық қолдау көрсетуге және қажетті ақпаратты ұсынуға дайынбыз",- деп атап өтті "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ АТ-жобалары бойынша кеңесшісі Яхия Төлешов.

Сонымен қатар, ЕАЭО мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары «Қала үшін ең үздік АТ-шешім», «Үздік стартап-жоба», «Big Data – жыл компаниясы», «Мемлекеттік сектордағы үздік АТ-жоба», «АТ-дағы жыл әйелі», «Жылдың АT-чемпионы» номинацияларында «Digital Almaty Awards» байқауының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті.

Форумға қатысушылар құқық қорғау, қаржы-банк, білім беру және медициналық салалардағы үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру бойынша Қазақстанның АТ-компаниялары мен стартап жобаларының көрмесімен танысты.

Форумның ұйымдастырушысы - ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге