Баспасөз релиздері

Қытайдың текстил компанияларының жетекшілері Астанаға келді

Қытайдың текстил компанияларының жетекшілері Астанаға келді

Қытайдың тоқыма өнеркәсібі Одағының құрамына кіретін, 30 дан астам текстил компанияларының жетекшілері Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен танысу үшін алғаш рет Астанаға келді. Аталмыш кездесу «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев  Қазақстан мен Қытай биотехнология саласындағы ірі технологиялық  жобалардың автомобиль кластері, жаңартылған энергия көздері және тағы да басқа бірлескен инвестициялық бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл жобалар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы маусымдағы Қытайға сапары барысында қол жеткізілді.

«Текстиль өнеркәсібі ынтымақтастықты арттыратын, келешегі бар бағыт. Мысалы, Қазақстанда жыл сайын 250 мың тонна мақта жиналады. Осы көлемнің үштен бір бөлігі өңделеді, ал қалған бөлігі экспортқа арналған шикізат болып табылады. Сонымен қатар бізде Өзбекстан шекарасынан жанында  орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бар. Халықаралық рейтингтерге сәйкес Қазақстандағы инвестициялық климат Орталық Азия аймағындағы ең жақсы болып табылатындығын ескерсек, Қазақстандағы бизнесті дөңгелетіп, экспортты одан әрі дамытуға әбден болатынын», баса айтты, С.Тұяқбаев.

Өз кезегінде «Оңтүстік» АЭА ның басшысы Медеу Ділдәбаев қытайлық әріптестерге арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына қарастырылған жеңілдіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында тоқыма өнеркәсібі делегациясының мүшелері мақта өндіру, шикізатты қайта өңдеу, киім өндірісі және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізе бастады.

«Бұл біздің Қазақстанға алғашқы сапарымыз және біздің делегация мүшелерінің көпшілігі сіздің елмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Біз «Қазақстан Инвест» компаниясының шақыруымен келдік. Меніңше, бізде өте табысты кездесу болды, біз Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы білдік. Қазақстан мен Қытай - ортақ таулар мен өзендер арқылы байланыстырылған, ортақ шекарасы бар ел, сондықтан да осы сала бойынша екі ел арасында үлкен мүмкіндіктер барына сенемін, - деді Қытай делегациясының басшысы, Қытай тоқыма өнеркәсібі одағының төрағасы Сун Жуйчжэ. 

Өз кезегінде Қазақстандағы Қытай Халықаралық Сауда Палатасы өкілдігінің Бас директорының орынбасары Гао Ци «бүгінгі кездесу Қытай мен Қазақстан арасындағы тоқыма өнеркәсібі ынтымақтастығы үшін жақсы бастама. Үкімет инвесторлар үшін өте жақсы жағдай жасайды. Сондықтан бүгінгі келіссөздер мен талқылаулардан кейін меніңше, жақсы нәтиже болады деп ойлаймын» деп атап өтті.

Анықтама үшін: Қытайдың тоқыма өнеркәсібі Одағы сол елдің жетекші ұйымдарының бірі. Қытай Халық Республикасының Министрлік құрамынан шыққан Тоқыма өнеркәсібі Одағының 20 жылдан астам тарихы бар. Қазір ұйымның қатарында 20 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Одақтың компаниялары Қытайдың бүкіл тоқыма өнеркәсібінің жалпы экспорт көлемінің 12% -ын экспорттайды, ал Қытай экономикасына қосқан үлесі 3% ға бағаланады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге