Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Испания арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Қазақстан мен Испания арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Премьер-Министрдің орынбасары-ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Испания Корольдігіне ресми сапары аясында 20-дан астам ірі испандық компания басшылығының қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар, бірқатар жаңа жобалар бойынша испан тарапымен нақты келіссөздер жүргізілді.

Өзінің құттықтау сөзінде Мұхтар Тілеуберді Испан бизнесінің Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жетістіктерін, сондай-ақ 2021 жылғы қазанға жоспарланған екіжақты ҮАК және іскерлік кеңес отырыстарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстелге  «Airbus Defense & Space», «Maxam», «Grupo Santander», «Grupo AGEM», «Matachana», «Acciona», «Talgo»,  «Imabe Iberica»,  «Urbaser» және т. б. қоса алғанда, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі 20-дан астам ірі испандық компаниялардың басшылары қатысты.

b151e26b-6356-4e63-a788-846a2ec61b89.jpg

Ардак Зебешев.jpg

Іс-шара барысында испан компанияларына Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті таныстырылды. ҚР СІМ Инвестициялар комитеті Төрағасының м.а. Ардақ Зебешев өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, машина жасау, фармацевтика, көлік инфрақұрылымы және энергетика сияқты басым салалардың мүмкіндіктері, сондай-ақ инвестициялық ахуал және Қазақстандағы инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Жандос Темиргали.jpg

Дөңгелек үстелді Қазақстан тарапынан ҚР СІМ, Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі және  «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Өзінің алғы сөзінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғали қатысушыларды бірлескен жобалар туралы хабардар етті және испан компаниялары үшін жасалған нақты инвестициялық ұсыныстарды ұсынды.

Іс-шара аясында ҚР СІМ ИК, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы әлеуетті және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша испан тарапымен бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Ақмола облысында ет кластерін құру жобасы бойынша «Ingeser» («Grupo TSK») компаниясымен, Нұр-сұлтан қаласында нөсер кәріздерін салу жобасы бойынша «Aqualia» компаниясымен, энергетика саласындағы әлеуетті жобалар бойынша  «IDOM» компаниясымен, сондай-ақ Испанияның экспорт және инвестициялар жөніндегі «ICEX» мемлекеттік компаниясының институционалдық әріптестерімен және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша  «COFIDES» дамытуды қаржыландыру жөніндегі испан компаниясымен келіссөздер жүргізілді.

c9e1209a-0629-4c4c-8600-1baea8dcfea1.jpg

6b97440a-c63c-48a0-9483-86a038c0809b.jpg

bad0b2ea-2fb4-418c-9dde-9fb8b6647ef2.jpg

Премьер – Министрдің орынбасары-ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресми сапары аясында «Airbus Defense & Space» компаниясының өндірістік алаңы мен халықаралық тренингтік орталығына барып, осы компанияның басшылығымен кездесті. 

Бұдан басқа, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ – ның Еуропадағы ең ірі қоқыс өңдеу кешендерінің бірі – «Urbaser» компаниясының технопаркіне Мадрид қаласына сапары ұйымдастырылды, оған сұрыптау зауыты, қайталама шикізатты қайта өңдеу зауыты және инсенирациялық кешен (waste to energy) кіреді. Кездесу барысында жалпы қызметкерлер штаты 35 мыңнан асатын 30 елде жұмыс істейтін компания басшылығы Қазақстанмен ҚТҚ өңдеудің интеграцияланған кешенін құру бойынша серіктестікке жоғары қызығушылық танытты.

bf8533c3-d688-467b-9690-c5342f1a5e12.jpg

623adb6b-1f96-4679-8af1-9ef0a4e528ea.jpg

0c9cd962-7edf-43f2-91e5-b5eb0162b1cb.jpg

ҚТҚ өңдеу бойынша әлемдік жетекші өндірушілердің бірі «Imabe Iberica» компаниясының басшылығы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да компанияның негізгі өндірістік кешенін аралау барысында жаңа сұрыптау және қайта өңдеу кешендерін құру бөлігінде Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

ea5af70a-08bd-419d-8d3d-20c9e06a4cff.jpg

65314059-df4a-412a-92ed-6649bfb080ca.jpg

4da177fd-76f9-47fc-8b5a-ede2e4070817.jpg

6c50def2-6363-4d36-b8ab-be349612a5b5.jpg

128e1671-0244-4092-b64a-9ee45bfbc953.jpg

34594de8-a749-4bc2-a4e1-057b574f1f51.jpg

Анықтама: Испания Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымының көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады, ал биылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 80% - дан астамға өсіп, 842 млн. Долл. құрады (негізінен қазақстандық экспорт есебінен). 2005-2020 жылдар аралығында Испаниядан Қазақстанға келетін тікелей инвестициялар көлемі 245 млн. АҚШ. Долларын құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге