Баспасөз релиздері

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

29 қаңтарда Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылған.

Айдаров Алмас Айдарұлы 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша, 2009 жылы Президенттік басқару академиясын бітірді.

Еңбек өтілі:

  • "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМҚК-нің ішкі аудит жөніндегі маманы, инвестициялық инженері (2004-2006);

  • ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы (2006);

  • ҚР Президенті Әкімшілігінің Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы, ҚР Президенті Протоколының сарапшысы (ҚР Президенті Әкімшілігі, 2006-2012 жж.);

  • "OKHK Engineering" ЖШС ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы) басқарушы директоры (2012-2014 жж.);

  • "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі (2014-2017 жж.);

  • Қарағанды ​​облысы әкімінің Өнеркәсіп, ШОБ-ты дамыту, индустрияландыру және инвестиция мәселелері жөніндегі орынбасары (2017 жылғы 28 маусымнан бастап).
Қөзі: zakon.kz


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге