Баспасөз релиздері

Сыртқы істер министрлігі, KAZAKH INVEST мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі перспективті инвестициялық жобаларды талқылады

Сыртқы істер министрлігі, KAZAKH INVEST мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі перспективті инвестициялық жобаларды талқылады

2019 жылдың 15 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында  - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың және  «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағасы Бауыржан Сартбаевтың Нұр-сұлтан қаласы әкімнің орынбасары Малика Бектұровамен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай инвестициялық жобалары, сондай-ақ іске асырылған, іске асырылып жатқан және перспективалы жобалардың қазіргі жай-күйі талқыланды. Инвесторларды сүйемелдеу бойынша жүйелі мәселелерге, инвесторларға арналған «бір терезе» ұйымдастыру жұмысының барысы және Нұр-сұлтан қаласына инвестиция тарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібіне ерекше назар аударылды.

СІМ басшысының орынбасары атап өткендей, бүгінде Қазақстанға инвесторларды әкеліп қана қою  жеткіліксіз, кәсіпкерді жобаның басынан бастап толық іске асырылғанға дейін, сондай-ақ инвестициялаудан кейін сүйемелдеу маңызды.

Барлық мәселелер бойынша инвесторлармен тікелей жұмысты, «бір терезе» қағидасы негізінде инвестициялық жобаларды тарту және сүйемелдеуді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Astana Invest City Investment Development орталығы жүзеге асырады.

М. Бектұрова инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймақтары болып табылатынын атап өтті. Олар әлемде инвестициялар ағымын ынталандыру құралы ретінде қолданылатын «еркін экономикалық аймақтар» механизміне сәйкес әрекет етеді.

Бүгінгі таңда Kazakh Invest елордада жалпы құны 4,3 млрд доллар болатын 9 инвестициялық жобаның мониторингін жүргізуде. 3 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды, 2-жоба жүзеге асырылуда, тағы 4 жоба әзірлену үстінде.

Бұл кездесулер тұрақты негізде өтіп, өзекті инвестициялық мәселелерді талқылау алаңы болып табылатынын атап өту маңызды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге