Баспасөз релиздері

Қазақстанда медициналық протездер шығарылатын болады

Қазақстанда медициналық протездер шығарылатын болады

2022 жылдың 25 қарашасы Сеулде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен қазақстандық «Sultan» ЖШС компаниясы мен оңтүстік кореялық импланттарды өндіруші Corentec компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Тараптар ынтымақтасу және Қазақстанда тізе протездерін шығаруды жолға қою туралы келісті. Оңтүстік Кореялық серіктес өндіріс технологиясымен бөлінуге дайын. Сонымен қатар, компания тәжірибе алмасу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында қазақстандық дәрігерлерге білім беру бағдарламалары мен шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

new_WhatsApp Image 2022-11-28 at 15.21.46 (1).jpeg

Corentec ортопедиялық компаниясы 2000 жылы құрылған және штаб-пәтері Сеулде орналасқан. Компания иық, жамбас және тізе импланттарын шығарады. Оның жеке ортопедиялық емханасы және ортопед дәрігерлерін дайындайтын академиясы бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге