Баспасөз релиздері

Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен: «Халықаралық барлау және өндіру» бөлімшесінің директоры Эндрю Браунмен, терең сулы жобалар жөніндегі атқарушы вице-президент Уаэл Сауанмен, бірлескен кәсіпорындар мәселелері жөніндегі атқарушы вице-президент Хералд Схотманмен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін талқылады. Мәселені талқылауға ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев қатысты.

Э. Браун компания Қазақстан аумағында жобаларды іске асыруға қатысуды тереңдетуге және іс-қимылды одан әрі кеңейте түсуге мүдделі екенін хабарлады. Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру бойынша бірлескен қызмет, «Жемчужина» учаскесінде «Қаламқас» және «Хазар» ұңғымаларындағы жұмыстарға қатысу мәселелері қаралды.

Компания үшін перспективалық бағыттардың бірі — энергияның баламалы көздерін дамыту. Royal Dutch Shell Тараз қаласында күн электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылуда.

ҚР Үкіметінің басшысы А. Мамин компанияның ірі инвесторлардың қатарында екенін атап өтті. Бүгінде елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері нығайтылып жатыр.

Кездесудің соңында тараптар өзара іс-қимыл салаларын кеңейтуге және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Дерек көзі: kazpravda.kz 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге