Баспасөз релиздері

«Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізіледі

«Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізіледі

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Жобаны іске асыру саласы: Цифрландыру / Ақпараттық технологиялар.

«Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаты- Қызылорда қаласының тұрғындарына қызмет көрсету мәдениеттілігін және сапасын арттыру үшін 500 бірлік автобусқа интеллектуалдық көліктік жүйе кешенін орнату арқылы жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсету тиімділігін арттыру болып табылады.

Тапсырмалар:
  • интеллектуалды көлік жүйесі кешенін (ИКЖК) сатып алу және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не беру;
  • ИКЖК жабдығын жеткізу және құрастыру (монтаж);
  • «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің қызметкерлерін ИКЖК-нің техникалық және функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануды оқыту;
  • ИКЖК кепілдігі және кепілдемеден кейінгі қызметі;
  • жолақы төлемі арқылы жылдық қаржы көлемін арттыру;
  • МЖӘ келісімшартының бүкіл мерзімі ішінде 100%-ға қолма-қол ақшасыз төлемге көшу.

Жобаны іске асыру орны: «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жібек жолы тұйығы 3, құрылыс 16.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі:
  • МЖӘ-нің жалпы мерзімі - 3 жыл 9 ай, оның ішінде:
    • жабдықтарды сатып алу және жеткізу - 3 ай;
    • пайдалану кезеңі - 3 жыл 6 ай.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптес 2019 жылдың 11 ақпанына дейін «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну керек, сонымен қатар біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттарын ұсыну қажет, осының негізінде біліктілігі бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

Ұйымдастырушы мемлекеттік органның атауы: «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, «Облыстық мекемер үйі» ғимараты (облыс әкімдігі), 4 қабат, №429 кабинеті

Байланыс үшін:
Макашева Дария
8 (7242) 60-54-77
e-mail: d.makasheva@korda.gov.kz

Д.М. Тілеуов, Б. Жұпарбеков
8 (7242) 60-54-75; 8 (7242) 60-54-77

Құжаттардың көшірме пакетін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 15.00- ден 18.30-ға дейін (Қызылорда облысының уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120000, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1 мекен-жайындағы «Облыстық мекемер үйі» ғимараты (облыс әкімдігі), 4 қабат, 429 кабинетінен алуға болады. Құжаттардың көшірме пакеттері сұраныс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ұсынылады.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге