Баспасөз релиздері

Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясы Қазақстанда чипсы мен жеңіл тағамдар өндірісін құруды жоспарлап отыр

Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясы Қазақстанда чипсы мен жеңіл тағамдар өндірісін құруды жоспарлап отыр

Әмірліктің National Food Industries және Venus Packaging компаниялары Қазақстанға іссапармен келді. 2023 жылғы 15-19 мамырда өткен сапар барысында NFI директоры және акционері Пиуш Махеш пен Venus Packaging директоры Пател Пратикбай «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғалимен кездесті. Әмірлік тарапы Қазақстанда чипсы және жеңіл тағамдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

National Food Industries (NFI) 1977 жылы құрылған және Таяу Шығыстағы жетекші тағамдар өндірушілерінің бірі болып табылады. Өнім ассортиментіне картоп чипсы, картоп түйіршіктері, ірімшік жүгері шарлары, жүгері чипсы, шелпек, сондай-ақ кеседегі жеміс сусындары кіреді. Бренд портфолиосына Mr. Krisps, Emirates Pofaki, Mr. Pofak, Doodles, Bakeman's және Sinbad кіреді.

Пиуш Махеш атап өткендей, компания тек дистрибьюторлық емес, сонымен қатар өнімді көрші елдерге экспорттау үшін Қазақстанда өндіріс ашуға мүдделі. Ол Қазақстанда өндірістің ашылуы іргелес салаларды, оның ішінде қаптама өнімдерін шығаруды дамытуға септігін тигізетін мультипликативті нәтиже беретінін баса айтты.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Қазақстан БАӘ-мен ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлетінін, ауыл шаруашылығы жерлерінің қомақты көлемінің арқасында Қазақстан өндірісті барлық қажетті шикізатпен толық қамтамасыз ете алатынын атап өтті. Ол инвесторлар Қазақстанды саяси тұрақтылыққа, тұрақты юрисдикцияға, сондай-ақ тиімді жағдайға байланысты инвестициялау үшін ел ретінде таңдайтынын атап өтті – Қазақстан Республикасы өндірісті бастау үшін де, Қытай Орталық Азия және Еуропа нарықтарына экспорттық хаб ретінде де тамаша алаң болып табылады.

Инвестициялық мүмкіндіктермен танысу үшін компания Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында болды. Сапар аясында делегация мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың өкілдерімен- қаптама өнімдерін, тамақ өнімдерін өндірушілермен және ірі дистрибьюторлармен кездесу өткізді.

Әмірлік компаниясының сапарын «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге