Баспасөз релиздері

KGIR-2019: «Самұрық-Қазына» ұлттық компанияларды IPO-ға шығару схемасын атады.

KGIR-2019: «Самұрық-Қазына» ұлттық компанияларды IPO-ға шығару схемасын атады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жекешелендірудің жан-жақты бағдарламасын әзірледі, ол Қазақстанның ірі ұлттық компанияларының 8 IPO-сын, сондай-ақ стратегиялық инвесторларға тікелей сатуды қамтиды. Бұл туралы KGIR-2019 «Жекешелендірудің қазақстандық бағдарламасы: негізгі мемлекеттік компаниялардың ІРО-лары арқылы капитал нарығын құру» атты дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік қор активтерін басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Сәтқалиевтің айтуынша, 2019 жылы «Қазақтелеком» және «Эйр Астана», ал 2020 жылы – «ҚазМұнайГаз»IPO-лары жоспарланып отыр.

«IPO-ның барлық жағдайлары әртүрлі, барлық жерде әртүрлі стратегиялар мен тәсілдер қолданылады. «Қазақтелекомнан» бастасам, бұл біздің еліміздегі жетекші телекоммуникациялық компания, ұялы байланыстың шамамен шамамен 61%-ын қамтиды. IPO-ға акцияларының 10%-ы жоспарланып отыр, олар биылғы жылы Астана қор биржасының алаңында орналастырылатын болады. Инвесторлар қауымдастығы тарапынан үлкен қызығушылық күтеміз. Өйткені оларға осы компанияның тарихы ұнайды», - деп түсіндірді ол. 

Сондай-ақ Сәтқалиев «Тау-Кен Самұрық» IPO-сы туралы да айтты. 

«Бұл қатты минералдарды өндіруге маманданған, болашағы зор ұлттық тау-кен компаниясы. Қазіргі уақытта ол мырыш, мыс, алтын, күміс сияқты металдармен 8 жобаны жүргізуде. Олардың барлығы дамудың әр түрлі кезеңдерінде. Біз бұл компания үшін арнайы бағдарлама қажет деп санаймыз, ал инвесторлар ретінде халықаралық инвестициялық институттар мен халықаралық банктерді тарту қажет», - деп атап өтті ол.

«Қазақстан Темір Жолы», сондай-ақ жергілікті әуе тасымалдаушы «Қазақ Эйр» IPO-ларына келетін болсақ, ҰӘҚ-да бұл компаниялардың мұқият дайындалуы, содан кейін ғана IPO-ға шығуы қажет  деп санайды.

«Қазір біз компаниялардың қаржылық тұрақтылығымен жұмыс істейміз. Біз олардың бұл деңгейден тек 2-3 жылдан кейін ғана өтуге тиіс екенін түсінеміз, тек содан кейін ғана IPO-ға шығулары қажет», - деп жалғастырды Сәтқалиев.

«Самұрық-Энерго»-ға келетін болсақ,  бұл компания жергілікті нарықта шамамен 30% үлеске ие.

«Біз стратегиялық инвесторды осы компанияға тартуды жоспарлап отырмыз және ынтымақтастыққа дайынбыз», - деп атап өтті ҰӘҚ өкілі.

Сондай-ақ «Қазпошта» листингі жоспарланып отыр. Бұл – ұлттық пошта операторы.

«Біз KPMG-ны тәуелсіз сарапшы ретінде тарттық, олар бізге сатуға арналған акциялардың белгілі бір үлесін ұсынды. «Қазпочта» қызметінің ағымдағы шарттары жергілікті пошта қызметі сияқты түрі бойынша Үкімет тарапынан субсидия тартуды талап етеді. Біз бұл компаниялардың, әсіресе «Қазпошта»ның болашағы зор деп санаймыз, оларда логистика бойынша өте қызықты жоба бар», - деп түйіндеді Сәтқалиев.

«Самұрық-Қазына» өкілі жекешелендіру бойынша осылай пайымдады.

 

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге