Баспасөз релиздері

Қазақстан-Испания іскерлік кеңесі: негізгі секторлардағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан-Испания іскерлік кеңесі: негізгі секторлардағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту

Астанада «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұйымдастырған Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өтті. Іс-шара екі елдің жетекші сарапшылары мен іскер топ өкілдерінің басын қосып, екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мен дамуын талқылады.

Шараның мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестиция тарту және испандық ірі компаниялар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

new_DSC_0894.jpg

Негізгі баяндамашылар ретінде Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Испания Индустрия, сауда және туризм министрлігінің Сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Ксиана Маргарида Мендес Бертоло сөз сөйледі. Спикерлердің айтуынша, екі елдің жетекші кәсіпорындары кіретін Іскерлік кеңес екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және тауар айналымын арттыру үшін тиімді алаң және қуатты қозғаушы күш болып табылады.

new_DSC_0025.jpg

«Бизнестің қаржылық құралдары мен мүмкіндіктері» панельдік сессиясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов инвестициялық мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндама жасады.

«Қазақстан Орталық Азиядағы инвестиция үшін ең тартымды жер болып қала береді. Соңғы үш онжылдықта Қазақстан 417 миллиард доллардан астам ТШИ тартты, бұл аймақтағы ең үлкен көрсеткіш. 2022 жылы Қазақстан 28 миллиард доллар тарта алды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Еуропа мен Азияның тоғысқан жеріндегі стратегиялық орналасуының, ірі көрші нарықтарға шығуының, қолайлы бизнес-ортаның, қолжетімді және білікті жұмыс күшінің, сондай-ақ кешенді мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстан халықаралық инвесторлардың назарын арттыруды жалғастыруда», - деді ұлттық компанияның басшысы.

new_DSC_0920.jpg

Кездесуде сонымен қатар Испанияның Сауда палатасының халықаралық директоры Хайме Монтальво, Испания жұмыс берушілер ұйымдарының халықаралық конфедерациясының (CEOE International) президенті және бас директоры Марта Бланко, MAXAM бас коммерциялық директоры және серіктестіктің тең төрағасының міндетін атқарушысы Хосе Мария Касас, Baiterek Holding бас директоры және Кеңестің тең төрағасы Қанат Шарлапаев сөз сөйледі. Модератор ретінде ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов болды.

_new_DSC_0044.jpg

Іс-шара соңында қатысушылар нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және тікелей байланыс орнату мәселелері бойынша әлеуетті клиенттермен және іскер серіктестермен кездесуге мүмкіндік алды.

new_DSC_0836.jpg

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге