Баспасөз релиздері

Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесі – экономикалық ынтымақтастықтың драйвері

Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесі – экономикалық ынтымақтастықтың драйвері

Астанада «Жаңа Қазақстан – ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің 14-ші отырысы өтті. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған шараға 100-ден астам қатысушы жиналды.

IMG_4138.JPG

Іскерлік кеңес отырысына Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан-Герман Іскерлік Кеңесінің Басқарма мүшесі Евгений Болгерт, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қатысты. Неміс тарапынан Германия экономикасының Шығыс комитетінің Орталық Азия бойынша спикері, профессор Манфред Грундке, Strategic Minds Company/Berlin Advisors Group бас акционері, басқарушы серіктесі, доктор Йоахим Ланг және т.б.

IMG_4134.JPG

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесі Қазақстан мен Германияның компаниялары, кәсіпорындары мен іскерлік бірлестіктері арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты практикалық үйлестіруді және консультативтік қолдауды қамтамасыз ететін негізгі орган болып табылады. Іскерлік кеңес 2010 жылдың шілдесінде Германия канцлері А.Меркельдің Қазақстанға ресми сапары барысында қол қойылған Стратегиялық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесін құру туралы елдер арасындағы Меморандум негізінде құрылған.

new_DSC_0645.jpg

Құттықтау сөз сөйлеген екі тең төраға, қазақстандық тараптан – «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Райымбек Баталов, неміс тарапынан – DB Engineering & Consulting Басқарма төрағасы Нико Варбанов. Спикерлердің айтуынша, Қазақстан мен Германия бір-бірінің басты серіктестері. Бүгінде екі елдің жетекші кәсіпорындары кіретін Іскерлік кеңес екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен тауар айналымын арттырудың тиімді алаңы және қуатты қозғаушы күші болып табылады.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов отырысқа қатысушыларды Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық байланыстардың артып келе жатқаны туралы хабардар етіп, екіжақты іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейтуге және екі ел бизнесінің сыртқы сауда қызметін ынталандыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарын айтты.

new_DSC_0669.jpg

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Германия өңірлеріне жасаған сапарларында неміс компанияларының Қазақстанмен ынтымақтастығына үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты. Оның айтуынша, елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың даму әлеуеті зор.

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің отырысы аясында бірнеше негізгі бағыттар бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, энергия және энергия тиімділігін арттыру, көлік және логистика, сондай-ақ білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Талқылау нәтижесінде осы салалардың әрқайсысы бойынша ынтымақтастықты нығайту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге