Баспасөз релиздері

Гамбургте Қазақстан-Гамбург инвестициялық дөңгелек үстелі өтті

Гамбургте Қазақстан-Гамбург инвестициялық дөңгелек үстелі өтті

Гамбург қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов және де Германия бизнес өкілдерінің қатысуымен «Орталық Азия аймағының өсуі – Қазақстандағы логистика, энергетика және өнеркәсіп» атты Қазақстан-Гамбург инвестициялық дөңгелек үстелі өтті. Шара қазақстандық және германиялық бизнес өкілдері арасындағы сауда-инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында өткізілді.

Дөңгелек үстел экономикалық байланыстарды нығайтуға және бизнестің жаңа мүмкіндіктерін зерттеуге баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Германия арасындағы өзара сауда мен инвестицияны нығайту мәселелерін талқылау алаңына айналды. Қатысушылар Қазақстанның логистика, энергетика және өнеркәсіп саласындағы әлеуетімен танысты, ірі нарықтар – Еуропа мен Азияны байланыстыратын мемлекет ретінде стратегиялық орналасуын ескере отырып, Қазақстанға инвестиция салудың артықшылықтар мен елдің экспорттық әлеуетімен танысты.

photo1675253667 (2).jpeg

Алмас Айдаров өз сөзінде Германия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдер арасындағы экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды дамытудың үлкен әлеуеті бар, бұған соңғы бір жылда Гамбург пен Қазақстан арасындағы тауар айналымының 73%-ға, 145 млн еуродан 250 млн еуроға дейін ұлғаюы дәлел.

photo1675253667 (3).jpeg

Мейіржан Юсупов жобаларды жүзеге асыру үшін экономиканың басым секторлары, Қазақстан Республикасы Үкіметі берген преференциялар туралы айтып өтті, сондай-ақ неміс компанияларын Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Гамбург Сауда-өнеркәсіп палатасының Шығыс Еуропа бойынша жұмыс тобының төрағасы Мирко Новак өз сөзінде гамбургтік 160 компанияның Қазақстанмен іскерлік байланысы бар екенін, олардың 29-ының Қазақстанда филиалдары, өкілдіктері немесе өндіріс орындары жұмыс істейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Гамбургтен Қазақстанға экспорт көлемі 204 млн еуроны құрайды.

photo1675253667.jpeg

Гамбургке сапары барысында қазақстандық делегация германиялық компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді. Гамбург Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Норберт Аустпен неміс компанияларының Қазақстанда көлік-логистика, өнеркәсіп және машина жасау, энергетика, шикізаттық серіктестік және IT сияқты салалардағы жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2023-02-01 at 15.54.41.jpeg

Сондай-ақ Aurubis AG корпорациясының энергетика және климат жөніндегі аға вице-президенті Ульф Геркенспен кездесу өтті, оны тау-кен металлургия секторындағы, атап айтқанда түсті және сирек металдарды өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Айта кетейік, Aurubis AG Еуропадағы ең ірі мыс өндіруші және әлемдегі ең ірі мыс өңдеуші компания болып табылады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің, KAZAKH INVEST компаниясының, сондай-ақ Гамбург қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының бірлесуімен Германиядағы Қазақстан экономикасы күні аясында ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге