Баспасөз релиздері

Қазақстандық инвестор СҚО-да биг-бэгтер шығаратын зауыт салады

Қазақстандық инвестор СҚО-да биг-бэгтер шығаратын зауыт салады

"SMB GROUP Family" Солтүстік Қазақстан облысында биг-бэгтер (үлкен қаптар) шығаратын зауытты іске қосады. Кәсіпорын өз жұмысын осы жылдың төртінші тоқсанында бастауды жоспарлап отыр. Жоба "KAZAKH INVEST "ҰК"АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні тоқыма цехтарының құрылысы, полипропилен жіптерін өндіру бойынша жабдықты монтаждау және іске қосу жұмыстары, әкімшілік-тұрмыстық корпус ғимаратында қасбеттік жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын жаңа кәсіпорында 1,6 млн. биг-бегтер шығару жоспарланып отыр. Жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын жоба 300-ге жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

"Бүгінгі күні біздің облыс аумағында биг-бэгтер немесе полипропилен ыдысының өндірісі жоқ екенін атап өткім келеді. Біз өңірде, атап айтқанда, Қазақстанда полипропилен қаптары мен жұмсақ контейнерлерге үлкен сұраныс бар екенін талдап, түсіндік. Көптеген отандық компаниялар бұл өнімді шетелден сатып алады. Біз сапалы өнімді тиімді бағамен жасауға баса назар аударуды ұйғардық, бұл ретте әрбір өтінім мұқият пысықталатын болады. Сонымен қатар, өндіріс еліміздің солтүстік өңірінде орналасады, бұл логистикалық мәселелерді шешудің маңызды факторына айналды", - деп хабарлады "SMB GROUP Family" ЖШС құрылтайшысы Мұқан Садуов.

Инвесторлар атап өткендей, бірінші кезекте өнімнің тапсырыс берушілері өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары болып табылады. Бүгінде бірқатар жергілікті кәсіпкерлермен келісім-шарт жасалды. Бұдан басқа, кәсіпорын полипропилен матасынан жасалған отандық өнімге аса мұқтаж өндіруші, өңдеуші компаниялармен, құрылыс фирмаларымен және түрлі бағыттағы зауыттармен ынтымақтасады.

"Бұл өндіріс біздің өңір үшін бірегей болып табылады. Әсіресе, өндірістік аймақ аумағында тоқтап қалған кәсіпортындарының орнында жаңа зауыттар пайда болып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары құрылуда. Компания өндірісті кеңейтуді жоспарлайды және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасуға өтінім береді. Бұл жобаны әкімдік белсенді қолдайды және оны іске асырудың басынан бастап KAZAKH INVEST сүйемелдейді", - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Данияр Шалабаев.

"SMB GROUP Family" - 2005 жылы құрылған және әртүрлі коммерциялық қызметпен айналысқан: жылжымайтын мүлікті жалға беру және жалға алу, әртүрлі тауарларды көтерме-бөлшек сату, мамандандырылған техника қызметтері. Бүгінгі таңда компанияда шамамен 100 адам жұмыс істейді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге