Баспасөз релиздері

Қазақстандық инвесторлар Ақмола облысында екі ірі жобаны жүзеге асыруда

Қазақстандық инвесторлар Ақмола облысында екі ірі жобаны жүзеге асыруда

ЖЭК және құрылыс материалдары салаларындағы екі ірі жоба Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарында іске асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі 60 млрд теңгеден асатын жобалар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Аршалы ауданында жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын жаңа кірпіш зауыты салынуда. «SG Brick» компаниясының инвесторлары жүзеге асыратын жоба өңірлік Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылады. Өндірістік ғимараттар мен қосалқы үй-жайлар 20 гектар жер учаскесін алады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 10 млрд теңгені құрайды.


«Мамандардың есептеуінше, өндірісті іске қосу тек Ақмола облысын ғана емес, сонымен қатар елдің жақын өңірлерін, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласын да құрылыс материалымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ақмола облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік директоры Ернұр Жолымбетов.

Зауытты ең заманауи импорттық және отандық жабдықтармен қамтамасыз етужоспарлануда. Өнеркәсіптік нысанда 90-ға жуық адам жұмыс істейтін болады, олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Бұл зауытты 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

"Қолда бар жел әлеуетін игеруге, органикалық отынды үнемдеуге және өңірдегі парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған екінші жоба – қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысы», - деді Ернұр Жолымбетов.

Жел паркін салу жобасын «Build Master Group» компаниясы жүзеге асырады. Тұжырымдама жылдық 400 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіруді көздейді. Жобада 22 заманауи жел турбинасын орнату жоспарлануда. Жел қондырғысының құны 50,2 миллиард теңгені құрайды. Іске асыру кезеңі 2021 жылғы 3 тоқсан - 2023 жылғы 4 тоқсан.

«Болашақта компаниялар өз жобаларын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, инвесторлар ҚР СІМ Инвестиция комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасуға өтінім беруге ниетті. Осыған байланысты біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жан-жақты қолдау көрсетеміз және барлық кезеңдерде сүйемелдеуді қамтамасыз етеміз», - деді ұлттық компания өкілі.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Ақмола облысының пулына инвестиция көлемі 1,7 трлн теңге болатын 249 жоба кіреді. Жобалардың басым бөлігі АӨК, туризм, қайта өңдеу, ТМК, құрылыс индустриясы салаларына тиесілі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге