Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Малайзия мұнай-сервис саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Малайзия мұнай-сервис саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге жақында малайзиялық Elektro Serve (M) Sdn Bhd компаниясы мен қазақстандық «Alshin-West» ЖШС арасында қол қойылды. Өз қызметінің шеңберінде тараптар мұнай-газ саласында сервистік қолдау көрсету саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті.

Жобаға $3 млн астам инвестиция салыну жоспарлануда. Сондай-ақ, бірінші кезеңде 20 жұмыс орны құрылатын болады.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік директоры Ержан Көлбаевтың айтуынша, Малайзия Үкіметімен осы жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді.

«Бұл ынтымақтастық 2019 жылы Малайзияға KAZAKH INVEST компаниясы басшылығының сапары аясында басталған болатын. Өзара кооперация (технологиялар трансфері, жабдықтар өндірісі және оған сервистік қызмет көрсету) және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Малайзия Үкіметі оператор ретінде Elektro Serve (M) Sdn Bhd компаниясын таңдады. Бұл компанияның үздік техникалық қолдауды, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді қамтамасыз ету үшін Jeumont Electric, Indar, Schneider Electric сияқты бірегей жабдықтың бірнеше танымал халықаралық өндірушілерімен бірлескен кәсіпорындары бар», - деп атап өтті Ержан Көлбаев.


Инвестициялық жобаны іске асыру аясында малайзиялық инвесторлар жергілікті мамандарды оқыту үшін білікті инженерлерді ұсынуға, жаңа жабдықтар, технологиялар, стандарттар, процедуралар еңгізу бойынша міндеттеме алды. Өз кезегінде Қазақстандық серіктес қажетті инфрақұрылымды, өндірістік базаны, жабдықтарды және жергілікті мамандарды ұсынуға ниетті.

Айта кету керек, бірлескен кәсіпорын өз қызметі аясында ірі мұнай-газ компанияларына жоғары вольтты қозғалтқыштарға, генераторларға, компрессорларға, сорғылар мен турбомашиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін көрсетуді жоспарлап отыр.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге