Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Болгария инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан мен Болгария инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Астанаға Болгария Туризм министрінің міндетін атқарушы Илин Димитров бастаған делегация келді. Сапар барысында делегаттар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешевпен және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті.

Болгарияның Туризм министрі Илин Димитров екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан министр қызметіне кіріскеннен кейін келген алғашқы ел екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанға сапарының басты мақсаты – туризм және білім салаларында қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ болашақта елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу.

DSC_04101.png

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев болгариялық делегацияны Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов ұлттық компанияның қызметі, Қазақстанның инвесторлар үшін берген преференциялары туралы айтып, сондай-ақ болгариялық компанияларға Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

DSC_0413.JPG

Болгария Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі болып табылады, елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісімдер бар.

Қазақстан мен Болгария арасындағы екіжақты тауар айналымы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 60%-ға өсіп, 390,8 млн долларды құрады. Оның ішінде қазақстандық экспорт – 354 млн доллар, импорт – 35,9 млн доллар. 2005 жылдан 2022 жылға дейін Болгариядан Қазақстанға инвестицияның жалпы ағыны. 59,5 млн долларды құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге