Баспасөз релиздері

Kazakhstan global investment forum 2018: Лондонда Қазақстанға инвестиция салудың перспективасын көрсетті

Kazakhstan global investment forum 2018:  Лондонда Қазақстанға инвестиция салудың перспективасын көрсетті

2 қазанда Лондонда (Ұлыбритания) Kazakhstan Global Investment Forum 2018 өтті. Шараға 150 астам бизнес өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиев бастаған. 

Форум бизнес және инвестиция саласындағы жаңа мүмкіндіктерге, сонымен қатар, Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып отырған қазақстандық-британдық жобалардың перспективасына арналған. Басты тақырыптар елдің инвестициялық климатын жақсарту саласындағы өзекті жаңалықтар, оның ішінде, салықтық және кеден жеңілдіктері, Мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасы, ҚР Еуропа және Азияның тоғысындағы қолайлы географиялық орналасуы, қытайлық «Белдеу және жол» бағдарламасына және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы, аумағында ағылшын құқығы нормалары қолданылатын АХҚО қызметі болған. 

Қатысушылар арасында – 150 астам өңдеуші, ауыл шаруашылық, химия, тау-кен өндіру және қаржы секторларының, сонымен қатар, металлургия, балама энергетика, логистика және цифрлы технологиялар салаларының, оның ішінде, «Mitsubishi UFJ Financial Group», «JP Morgan Bank», «Deutsche Bank», «Morgan Stanley», «Ernst & Young LLP», «PricewaterhousCoopers» секілді ірі халықаралық корпорациялардың, Лондон қор биржасының және басқаларының өкілдері болған.

Форумның ашылуы салтанатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиев, АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қабікенов және «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы С. Тұяқбаев сөз сөйлеген. 

«Қазақстан өздерімен бірге капитал, біздің экономиканы табысты әртараптандыру және оны ғаламдық жүйеге кіріктіру үшін қажетті бизнес жүргізудің технологиялары мен үздік әдістерін алып келетін британдық инвесторларды тартуға мүдделі», - деп айтып кетті А.Жұмағалиев форумда сөйлеген сөзінде. Ұлыбритания Қазақстанның экономикасына ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Оның үлесіне тәуелсіздік алғаннан бергі 27 жыл ішінде тартылған 300 млрд АҚШ долларының 13 млрд АҚШ доллары тиісті болады.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының» басқарушысы Қ.Келімбетов өзінің сөзін АХҚО жұмысын ескере отырып, инвесторларға ашылатын мүмкіндіктерге арнады. АХҚО өзінің қатысушыларына 50 жылға дейінгі мерзімге арнайы салық режимін ұсынады, ағылшындық жалпы құқық негізінде даулардың шешімін табудың тәуелсіз жүйесіне кепілдік береді. Оның ресми тұсаукесері осы жылы шілде айында өткен.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының» биылғы жылы жұмысын бастауы Астананы аймақтық қаржы орталығына түрлендіреді, ол алдағы уақытта сіздің бизнесіңізді жаңа шыңдарға шығаруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Қ.Келімбетов өзінің форум қатысушыларына бағытталған сөзін. 

Қазақстаның инвестициялық климатының дамуы жөнінде Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қабікенов айтып кетті. Бүгінгі таңда ҚР Дүние жүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде 190 мемлекеттің ішінде 36 орынды иеленіп отыр. Бұл «Азшылық инвесторларын қорғау» бөлімінде 1 нөмір және «Келісім жасасу» бөлімінде 6 нөмір. 2050 жылға қарай Қазақстан дүние жүзіндегі дамыған 30 елдің қатарына енуі тиіс. Әрі қарай экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі инвестициялар тарту саясатын жүргізуді жалғастырып отыр. Өткен жылы Ұлттық инвестициялық стратегия қабылданып, мұнда инвестиция тартудың басым секторлары анықталған. Тау-кен өнеркәсібі және металлургия экономиканың аса маңызды секторларының қатарына енеді және экспорттың 21% астамын құрайды. Сонымен қатар, мыс, алтын, фосфаттар және литий мен ванадий секілді сирек жер металдарын барлау мен өндіру саласында зор әлеует бар. Шикізатты өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу және геологиялық барлауға инвестиция салу айрықша қызығушылық тудырады.

«Осы жылы біз «алғашқы келгенге – бірінші қызмет көрсетіледі» ұстанымына негізделген жаңа жер қойнауын пайдалану кодексін қабылдадық. Бұл геологиялық ақпаратқа еркін қол жетімділікті жеңілдетеді және қатты пайдалы қазбалар үшін жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру уақытын 18 айдан 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді А.Қабікенов.

Kazakh Invest Басқарма төрағасы С. Тұяқбаев өз кезегінде форум қатысушыларына компанияның экономиканың басым секторларында – ауыл шаруашылығы, химия және мұнай химиясы, металлургия және өндіру, машина жасау және металлургиялық инженерия, туризм және энергетика салаларында 70 орынды жобаларды анықтағанын және дайындағанын айтып кетті.

«Біз жергілікті компаниялармен келісім жасасудан бастап инвестицияға қолдау көрсету үшін жобаларды жүзеге асыруды қолдауға дейін қызметтердің кең спектрін ұсынамыз, барлық инвестициялық сұраныстар мен қажеттіліктер үшін «әмбебап дүкен» түрінде боламыз. «Kazakh Invest» Қазақстандағы инвестициялық жобаларды талқылауға арналған ұсыныстарды және шарттарды талқылау барысында Үкіметтің мүддесін білдіретін жалғыз жанасу нүктесінің рөлін атқарады», - деді С.Тұяқбаев. 

Kazakh Invest дүние жүзінде өкілдіктерінің кең шеңбері бар. Бұл инвесторларға аймақтағы бизнестің өсуі мен нарықты кеңейту үшін мүмкіндіктерді зерттеуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, іс жүзінде әкімдердің кеңесшілері болып табылатын Қазақстанның барлық аймақтарындағы жергілікті өкілдіктері бар. Олар инвесторлардың кедергісіз жұмыстарын қамтамасыз етіп, олардың мәселелері мен қажеттіліктерін қарастырады. Бұдан басқа, инвесторларға бизнесті тіркеу, рұқсат, лицензия немесе басқа кез келген мемлекеттік қызметтерді алу қажет болған жағдайда компания мемлекеттік органдармен және жергілікті атқару органдарымен өзара әрекеттестікті жеңілдетеді және инвестициялық келісім-шарттар жасасу, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушысы ретінде тіркелу, инновациялық гранттар алуға өтініш беру т.б. барысында инвесторларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады.

Шара барысында Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы сауда елшісі Баронесса Эмма Николсон, Еуропалық Қайтау құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, UK Export Finance бас атқарушы директоры Лоуис Тайлор, Emerging Markets басшысы, Mitsubishi UFJ Financial Group атқарушы директоры, басшысы Кристофер Маркс, Қазақстандағы ЕҚДБ директоры Агрис Прейманис және басқалары сөз сөйледі. 

Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы сауда елшісі Баронесса Эмма Николсон пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде «Ұлыбританияның мүдделері Қазақстанның өндіруші саласымен, жекешелендіру бағдарламасымен және Астананы Евразиялық қаржылық хаб ретінде дамытумен шектелмейтінін, біздің елдің экономикасын әртараптандыруға да қатысқылары келетінін» айтып кеткен.

Өз кезегінде ЕҚДБ басшысы Сума Чакрабарти Қазақстанның тұрақты нарықтық экономиканы қалыптастыруға тырысатын, қоғам мүддесіне орай жұмыс жасайтын және басқа елдер үшін ашық болатын өзге мемлекеттер үшін жарқын мысал бола алатындай қажетті әлеуетке ие екенін айтқан.

Форум қорытындысы көлік және логистика, металлургия, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы дамыту салаларында британдық компаниялармен бірқатар уағдаластықтар жасасу болды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және ЕҚДБ арасында «ШалқияЦинк» ЛТД» АҚ мен ЕҚДБ арасындағы кредиттік келісімге кепілдік беру туралы келісім жасалды. Қор Қызылорда облысындағы «Шалқия» кен орнында байыту фабрикасын салуды қаржыландыру үшін міндеттемелер кепілі болды. 

ММК саласында жаңа өңдеу технологияларын қолданып, операцияларды жүзеге асыратын компаниялармен түсті металл рудаларын өңдеу бойынша жобалар талқыланған, жобаларға бастама көтерген компаниялардың өкілдерінің қатысуымен әрі қарайғы ақпарат алмасу туралы уағдаластықтар жасалған. Independent Power Corporation компаниясымен оның ҚР аумағында энергетикалық нысандар құрылысымен және UKEF пайдаланып логистика саласы мен дата-орталықтар жұмысымен байланысты тендерлерге қатысуына қолдау туралы уағдаластық жасалған. Department of International Trade өкілдерімен британдық компаниялардың «One Belt, One Road» бағдарламаларын жүзеге асырудағы перспективасы талқыланған және әрі қарайғы серіктестік пен ауыл шаруашылық, ММК және газ-мұнай химиясы салаларында ҚХР нарығына бағдарланған жобалар бойынша ақпарат алмасу   туралы уағдаластық жасалған. Инфрақұрылымдық құрылыс, су бұру, сумен қамту, денсаулық сақтау салаларында жұмыс жасайтын бірқатар компаниялармен Қазақстанның бейінді министрліктерімен және ұйымдарымен әрі қарайғы келіссөздер жүргізуге қолдау көрсету туралы уағдаластық жасасуға қол жеткізілген.

Анықтама: Ұлыбритания тауар айналымының көлемі бойынша сауда серіктестерінің ондығына және ҚР инвесторларының алтылығына енеді, бұл тартылған шетелдік инвестицияның жалпы көлемінің 5% құрайды. 

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екі жақты сауда айналымы 2017 жылы 1,5% артты және 1,28 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 926,7 млн АҚШ долларына дейін артты. 2018 жылдың 1 тоқсанында өзара сауданың жалпы айналымы 252,6 млн АҚШ долларын, экспорт және импорт сәйкесінше, 158,8 млн және 93,8 млн АҚШ долларын құрады. ҚР британдық қатысумен 800 астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге