Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Швеция тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Швеция тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада «Astana Mining & Metallurgy Congress» 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында «Тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуы және тиімділігін арттыру» тақырыбында Қазақстан-Швед дөңгелек үстелі өтті. Қазақстан мен Швеция елшіліктері, Business Sweden және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған шараға 100-ден астам адам жиналды.

Швеция Корольдігі Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды серіктесі болып табылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған елдер арасында бірқатар үкіметаралық келісімдер бар. Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $325,9 млн (экспорт - $96,1 млн, импорт - $229,8 млн) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (230,1 млн $) 41,7% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша 2005-2022 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына шведтік тікелей инвестицияның жалпы ағыны 556,3 млн долларды құрады.

WhatsApp Image 2023-06-02 at 23.14.54.jpeg

Швед делегациясының құрамында ABB, Alfa Laval, Volvo, Epiroc, Olofsors, Sandvik, SSAB және т.б. сияқты ірі тау-кен өндіруші компаниялар болды. Бұл компаниялар тау-кен өнеркәсібіндегі энергия тиімділігі, автоматтандыру, қауіпсіздік және цифрландырудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

Іс-шараны Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің кеңесшісі Сейіт Нұрпейісов пен Швецияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ева Пулано ашты. Спикерлер екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтудің маңыздылығына тоқталып, екі елдің іскер топтарын бірлескен жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

DSC_0214_new.jpg

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Еуропа елдерімен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Анара Мекебаева Қазақстан шетелдік компаниялар үшін кең келешегі бар тартымды инвестициялық алаң екенін атап өтті. Ол елге инвесторларды тарту және табысты қызметін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

«Қазақстанның пайдалы қазбаларды өндіру мен игеруде әлеуеті зор. Біз әлеуетті швед инвесторларын геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жаңа кен орындарын ашу, өндірістік қуаттарды оқшаулау және тәжірибе мен технологиялармен алмасу бойынша ынтымақтастыққа шақыруға қуаныштымыз», - деді А.Мекебаева.

Дөңгелек үстел барысында тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуы мен тиімділігін арттырудың түрлі аспектілері талқыланды. Швед компанияларының өкілдері озық инновациялар, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға көмектесетін жасыл шешімдер саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Презентация2.jpg

Швед компаниялары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің, "Таукен-Самұрық "ҰТК" АҚ, "Қазгеология" АҚ-ның мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану және басқа да салалық бағыттардағы қызметімен егжей-тегжейлі танысты.

Дөңгелек үстел Қазақстан мен Швецияның іскер топтар өкілдері арасында байланыс орнату және іскерлік қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге