Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST ұжымы еліміздегі қайғылы оқиғалар барысында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады

KAZAKH INVEST ұжымы еліміздегі қайғылы оқиғалар барысында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады

Қымбатты отандастар!

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының ұжымы еліміздегі қайғылы оқиғалар барысында қаза тапқан бейбіт азаматтардың, құқық қорғау органдары және әскери қызметкерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтады.

Бостандық, мемлекеттің тұтастығы мен егемендігін сақтау үшін өз өмірін қиған бауырлар - біздің заманымыздың нағыз батырлары және өз елінің патриоттары.

Біз сондай-ақ осы оқиғаларда зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз ел басшылығының дер кезінде қабылдаған шаралардың арқасында конституциялық тәртіп қысқа мерзімде қалпына келтіріліп, барлығымыз жақын арада қалыпты өмірге орала алатынымызға шын жүректен сенеміз.

Біздің ортақ үйіміз - туған Қазақстанға бейбітшілік пен келісім тілейміз!

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге