Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Саха Республикасының Инвестицияларды ынталандыру агенттігімен ынтымақтастықты нығайтуда

KAZAKH INVEST Саха Республикасының Инвестицияларды ынталандыру агенттігімен ынтымақтастықты нығайтуда

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов «Invest in Yakutiya» басқарма төрайымы Анна Стручковамен кездесіп, инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Саха Республикасы (Якутия) Ресей Федерациясының 3083,5 мың шаршы км ауданы бар ең ірі құрылымдық субъектісі болып табылады және Қиыр Шығыс федералды округінің бір бөлігі. Территориясы бойынша Якутия жер көлемі бойынша әлемдегі сегізінші мемлекет Аргентинадан асып түседі.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Якутия мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық 2021 жылмен салыстырғанда 50 есеге өсіп, 1,5 миллион доллардан 78 миллион долларға дейін жетті. 2022 жылдың 9 айында экспорт 77 миллион доллардан асты, бұл негізінен бағалы металл концентраттарын жеткізу есебінен.

DSC_0430_bpv.jpg

Кездесу барысында Руслан Ибраимов ұлттық компанияның қызметі, ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары, қазақстандық және якутиялық кәсіпкерлер бірлесіп жүзеге асыруға болатын инвестициялық жобалар туралы айтты. Сонымен қатар, ол Якутия бизнесін Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырып, KAZAKH INVEST мұндай жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін алға тартты.

DSC_0428_bpv.jpg

Өз кезегінде Анна Стручкова Якутия тарапының экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігі туралы айтты. Ықтимал жобалардың ішінде ол жануарларға арналған вакцина шығаратын кәсіпорынның құрылысы туралы айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдаған болатын.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге