Баспасөз релиздері

Алматы қаласында "Kazakh Invest" 11 инвестициялық жобаға қолдау жумыстары атқарылып жатыр

Алматы қаласында "Kazakh Invest" 11 инвестициялық жобаға қолдау жумыстары атқарылып жатыр

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде  «KAZAKH INVEST» Оразалиев Жандос Бақбергенұлының қатысуымен «Алматы қаласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы» атты баспасөз конференциясы өтті.   

Оразалиев Жандос Бақбергенұлының айтуынша, мекеме Қазақстан Әлемдік банктың Doing Business рейтингісі бойынша 36-шы орынды иеленіп тұр. Бұл ретте, аталмыш рейтингті шығарарда Алматы қаласының көрсеткіштері есепке алынғанын айта кету қажет.

Үстіміздегі жылдың қаңтар мен маусым аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 22,7% өсім көрсетті. 

Атап өткенімдей, Kazakh Invest басты функцияларының бірі инвестициялық жобаларды қолдау болып табылады, негізінен шетел капиталы бар жобалар. Осы бағытта Kazakh Invest  Алматы қаласындағы өкілдігімен шетел капиталы бар, инвестициялар көлемі 414,8 млн. АҚШ долл. құрайтын 11 инвестициялық жобаға қолдау жумыстары атқарылып жатыр. Аталмыш жобалардың сәтті жүзеге асуы қаламызда 3 000 жоғары жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Бұл жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібі мен сауда салаларында. Үстіміздегі жылы жоспар бойынша инвестициялар көлемі 252 млн. АҚШ долл. құрайтын 7 жобаны іске қосу көзделуде. Мысалы, қытайлық ірі компания CNPC-дің үлкен диаметрлі дәнекерленген трубаларды өңдейтін Asia Steel Pipe Corporation зауытын, ресейдің Эстралин компаниясының кабельдік өткізгіштер өңдейтін KMK Investment зауытын, неміс капиталы бар электрлі автобустарды құрастыру зауытын іске қосу жоспарлануда. Қазігі таңда жапондық Tokyo Rope компаниясының соммасы 10 млн. АҚШ долл. құрайтын инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын өнеркәсібі іске қосылып, соммасы 32 млн. АҚШ долл. құрайтын француз бренді Леруа Мерлен құрылыс материалдар гипермаркеті ашылды. Егер аталмыш өнеркәсіп жапондық Tokyo Rope компаниясының 2-ші жобасы болса, француздық бренд Леруа Мерлен де қосымша тағы 2 жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді. Жобалар пысықталуда. 

Сондай-ақ, соммасы 73 млн. АҚШ долл. құрайтын 5 жоба байынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жобалар: француздық бренд Decathlon спорттық тауарлар гипермаркеті, жоғары технологиялық кір жуу Cotton Way комбинаты, жаңа Нобел АФФ фармацевтикалық өнеркәсібі, мұнай сортаментінің құбырлық өнімдерін шығаратын Asia Steel Pipe Corporation компаниясының 2-ші зауыты.

Алматы – бизнес үшін ең қолайлы қала болып табылады. 7 500 жуық шетел капиталы бар кәсіпкерлік жұмыс жасауда. 2018 жылдың маусымынан бері 50 кездесу ұйымдастырып, 2,4 млрд. АҚШ долл. құрайтын 24 жоба анықталды. Бұл жобалар машина жасау, туризм, тамақ өнеркісібі, медицина және т.б. салаларды қамтыды.

Сапалы инвесторларды тарту үшін Kazakh Invest Deloitte және PricewaterhouseCoopers атты әлемде мойындалған компаниялармен бірлесе отырып, халықаралық стандарттарға сай инвестициялық ұсыныстар әзірлейді. Өткен жылы 50 инвестициялық ұсыныс әзірленсе, биыл 60-тан аса ұсыныс әзірлеу жоспарлануда. Ірі компаниялардың Алматы қаласында көптеп шоғырлануы сапалы инвестициялық жобалардың барынша анықтауға қолайлы жағдай жасайды.

Әзірленген инвестициялық ұсыныстар бойынша компанияның шетелдегі өкілдіктері, тәуелсіз агенттері, шетелдегі ҚР елшілерінің инвестициялар бойынша кеңесшілері мен елдік менеджерлер арқылы инвесторларды тарту жұмыстар атқарылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге