Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» Қазақстан мен Қытай арасында геология және минералдық ресурстарды дамыту және қорыту салаларында инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде

«KAZAKH INVEST» Қазақстан мен Қытай арасында геология және минералдық ресурстарды дамыту және қорыту салаларында инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қытайдағы Өкілдігі 24-ші Қытай халықаралық тау-кен конференциясы «China Mining» шеңберінде өткізілген «Kazakhstan Mining Investment Promotion Conference» форумына қатысты.

Іс-шараны «Қытай – ШЫҰ» геологиялық ынтымақтастығына мүше (China-Shanghai Cooperation Organization Geoscience Cooperation Research Center) Қытай Сиань Геологиялық қызмет орталығы ұйымдастырды.

Қытайдың 35-тен астам ірі тау-кен және геология саласындағы компаниялар өкілдері қатысқан гибридті форматтағы Форумда барлығы 100-ден астам адам бас қосты.

«KAZAKH INVEST» ҚХР-дағы бас өкілі Қуаныш Амантай Форум қатысушыларыа Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалымен, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен, инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктер мен преференциялар туралы, сондай-ақ еліміздің тау-кен өндіру және металлургия салаларының инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Елдар Тағаш, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Инвестициялар және маркетинг департаментінің директоры Данияр Мырзахметов, сондай-ақ «Ulmus Besshoky» АҚ президенті Тимур Исаев жиналған қауымды еліміздің геология, минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлеуетті инвестициялық жобаларымен таныстырды.

Қытай тарапынан Сиань геологиялық қызметі орталығы бас геологының орынбасары Ма Чжунпин мен «China General Nuclear Power Corporation» корпорациясы «Uranium Resources» бағытының Күрделі операциялар департаментінің Директоры Ма Шимин екі ел арасындағы ынтымақтастық перспективаларына шолу жасады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушы тараптар әлеуетті ынтымақтастықты талқылау үшін қосымша «онлайн» кездесулер өткізді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге