Баспасөз релиздері

Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 халықаралық конференцияға қатысты

KAZAKH INVEST 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019  халықаралық конференцияға қатысты

Халықаралық форум барысында IOT, Smart City, Big Data жобалары, бұлтты бейнебақылау және т.б. жобалары бойынша шешімдер көрсетілді. Сондай-ақ, форум алаңында «заттар интернеті» саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар мемлекеттік қызметті цифрландыру, өндірістерді технологиялық трансформациялау, ТКШ саласын автоматтандыру, қаржылық технологияларды дамыту және «ақылды қалалардың» қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Панельдік сессияларға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, корпорациялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Канада, Орталық Азия және ТМД елдерінің кәсіпкерлері қатысты.

Форумға 20 елден 500-ден астам адам қатысты, 20 спикер сөз сөйледі, 100-ден астам бизнес-кездесулер өтті, отандық және шетелдік әріптестер арасында бірқатар ірі меморандумдарға қол қойылды. 20-дан астам инвестициялық компания қазақстандық инновациялық әзірлемелерге қызығушылық танытты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда IoT-ты дамыту "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ел басшылығы белгілеген стратегиялық міндет. 5G стандарттары, «ақылды қалалар», үлкен мәліметтер, FinTech, Blockchain, электрондық үкімет, индустриялық және ауыл шаруашылығы технологиялары, IoT экожүйесі - халықаралық аренада брендтің жаңа инновациялық имиджін қалыптастыратын қызметтің маңызды бағыттары.

Форум барысында Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдіктерімен «ақылды қалаларды» пилоттық режимде іске қосу туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Жаңа технологиялар мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді және қалалық экожүйенің жағдайын жақсарту үшін Big Data талдауын пайдалану есебінен ТКШ жүйесін автоматтандыру сияқты бағыттарды дамытуға көмектеседі.

Форумда негізгі спикерлер ретінде «заттар интернеті» мәліметтері бойынша сарапшы Дуглас Корли (ҚХР), сериялық кәсіпкер, футурист және Intelligencr негізін қалаушы Пол Пападимитриу (Ұлыбритания), Orcasci негізін қалаушы және бас директоры Марк Турелл (Канада/Германия), цифрлық денсаулық сақтау бойынша кеңесші және Оксфорд университетінің IoT институтында Big Data зерттеушісі Леунг Я Юань Рэйчел (ҚХР, Гонконг), "IT-парк" жоғары технологиялар саласындағы технопарк директоры Антон Грачев (Ресей, Қазан) сөз сөйледі.

Инновациялық технологиялар жөніндегі халықаралық мамандар Қазақстанның IoT саласындағы әлеуетін жоғары бағалады және нарыққа қатысушыларды неғұрлым күрделі технологиялық міндеттерді шешуде шоғырландыруға шақырды.

«Елдер, аймақтар, қалалар жаңа технологияларды пайдалана отырып, IoT-тан бұлтты сервистерге дейін, сандық сәйкестендіруден барлық мүмкін болатын утилиттерге дейін сандық қызметтерді ұсына отырып, табысқа қол жеткізу және жаһандық тартылыс орталығы болу үшін жаңа бәсекелестік жарысқа түсті», - деп атап өтті Пол Пападимитриу.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының АКТ-жобалары бойынша кеңесшісі Яхия Тулешов «Industrial IoT: цифрлық трансформация» панельдік сессиясы шеңберінде Инвестицияларды тарту үшін перспективалық бағыттар, IT саласындағы жоғары әлеуеті бар жобаларға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Сарапшының айтуынша, инвестициялық шешімдер қайтарымдылық тұрғысынан қарастырылады, демек, инвесторлар тез нәтиже әкелетін, қысқа мерзімде тиімділікті дәлелдейтін жобаларға қаржы салады. АКТ-саласының жобалары мен өнімдері осы талаптарға жатады, бұдан басқа, «заттар интернеті», машинааралық өзара іс-қимыл саласы адамдардың түрлі өмір сүру салаларын жүйелендіруге, автоматтандыруға және цифрландыруға ғана емес, сонымен қатар оны жайлы әрі қауіпсіз етуге да бағытталған көптеген шешімдерді қамтиды. «Ақылды қалалар» мен өндірістер осындай әзірлемелерді сынау үшін бірінші кезектегі «полигон», яғни осындай жобалар мен сервистерді бірінші кезектегі «тұтынушы» болып табылады.

Бүгінгі күні ұлттық және халықаралық деңгейде инвесторларды тарту және қолдау үшін әртүрлі тетіктер бар. Алайда инвесторды өзекті жобалар мен тауашалардың болуы қызықтырады.

Айта кету керек, аталмыш форум цифрландыру, жасанды интеллект пен «Заттар интернеті» (IoT) саласындағы көшбасшылардың тәжірибесін зерделеуге арналған ірі отандық алаң болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге