Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST екінші China - Kazakhstan Industrial and Investment Cooperation Forum қатысты

KAZAKH INVEST екінші China - Kazakhstan Industrial and Investment Cooperation Forum қатысты

«11-ші China Overseas Investment Fair» шеңберінде екінші Қытай-Қазақстан өнеркәсіптік және инвестициялық серіктестік жөніндегі форумы өткізілді. Форумның ұйымдастырушылары ретінде «China Overseas Development Association» (ҚХР-ның ДРМК жанындағы ұйым) және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қатысты.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Біржан Канешев Форумға сәлемдесу сөзімен қатысты және қатысушыларға Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті жөнінде ақпаратты ұсынды.

Сонымен бірге, Форумда ҚХР-ның Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас хатшысының Орынбасары Су Вэй, ҚХР ҚР Елшісінің Кеңесшісі С.Кинжакулов, қаржы ұйымдарының өкілдері - «China Development Bank» Халықаралық серіктестік департаменті директорының орынбасары Пэн Дунмэй, «Silk Road Fund» Бас менеджерінің орынбсары Ван Дань, «Astana International Exchange» Бас директорының орынбасары Ван Цзяньцян, сондай-ақ, компаниялар жетекшілері - «China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction» Директорлар кеңесінің Төрағасы Цин Цзюнмань, «China Petroleum Engineering & Construction Corp.» Бас менеджерінің орынбасары Ци Цзяньхуа, «Universal Energy» Директорлар кеңесінің Төрағасы Нань И, «Golden Camel Group» Директорлар кеңесінің Төрағасы Ян Цзе, «Yichang KELISON Industrial» Басқарма Төрағасы сөз сөйледі.

Осылайша, Форумда мұнай және газ, металлургия, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларындағы маңызды қазақстандық индустриалды жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қазақстандық және қытайлық қаржы ұйымдарының серіктестігі, «Астана» ХҚО шеңберіндегі серіктестік және AIX (Astana International Exchange – Астаналық халықаралық биржа) қаржы тарту бойынша жаңа құралдар келешегі жөнінде ақпарат презентацияланды.

Өз кезегінде, қытайлық компаниялардың басшылары Қазақстанның тамақ өнеркәсібі (құрғақ сүт өндірісі), металлургия, мұнай өңдеу, ЖЭК, инфрақұрылымдық объектілер құрылысы және т.б. салаларындағы құрылыс және инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.

Барлығы Форумға қазақстандық жобаларға инвестиция салған, сондай-ақ, Қазақстан мен Орталық Азия нарығына қызығушылық білдірген компанияларды қоса алғанда 200-ден астам қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты. 

Анықтама үшін: China Overseas Investment Fair Бейжін қаласында жыл сайын өткізілетін инвестициялық форум. Форум NDRC – National Development and Reform Commission (ҚХР-ның Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті) тапсырысы бойынша өткізіледі, ұйымдастырушылары – CODA - China Overseas Development Association болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге