Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» қытай бизнесмендерімен бірқатар келісімдерге қол қойды

«KAZAKH INVEST» қытай бизнесмендерімен бірқатар келісімдерге қол қойды

2018 жылдың 25-26 қыркүйек айында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминның ҚХР-сына жұмыс сапары болды. Сапар шеңберінде жетекші қытай өнеркәсіптік компанияларының басшылығымен іскерлік кездесулер өтті. Кездесудің нәтижелері бойынша қазақстандық тарап, оның атынан «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы мен қытай бизнесмендерінің арасында жобаларды іске асырудың одан әрі қадамдары туралы келісімдерге келді және тиісті жол карталарына қол қойылды. Сапар барысында барлығы 18 іскерлік кездесулер өткізілді және жобаларды іске асыру бойынша 4 құжатқа қол қойылды.

Келіссөздер барысында қытай бизнесмендері жуық арада энергетика, машина жасау, көлік, логистика және агроөнеркәсіптік кешені салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға тілек білдірді. Жеке алғанда, алдында HKC Corporation Ltd қытай компаниясымен қол қойылған меморандум Қостанай қаласында индустриалдық аймақтың аумағында теледидарлар өндіру бойынша зауыт салуды болжады. Жобаның жалпы құны    50 миллион АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, «Агромашхолдинг KZ» АҚ қорында тракторларды және басқа да LOVOL ауылшаруашылық техниканы өндіруді ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Қанешев Біржан өзінің сөзінде болатын жобаларды табысты іске асыруда сенімділік білдірді және Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда қызығушылықты атап өтті. 

«Kazakhstan Water Solutions» ЖШС қазақстандық компаниясымен бірге Маңғыстау облысында тұщытқыш зауыт салу бойынша жобаны іске асыратын CITIC Envirotech компаниясының өкілдері. Осы жоба одан әрі ауыз су және технологиялық мұқтаждықтарға пайдаланылатын жер асты суларын тұзсыздандыруды және тазартуды көздейді. Қытай компаниясының басшылығымен кездесу барысында жобаны іске асырудың ағымдағы мәселелері және болашақ жоспарлары талқыланды. 

Canadian Solar және China Energy Engineering Corporation компанияларымен күн энергетикасын дамыту саласындағы мәселелер талқыланды. Компанияларға 150 МВт-қа КЭС жобаларын іріктеу бойынша күзгі сессияда қатысу ұсынылды.  

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге