Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Ирландияның халықаралық даму Агенттігімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды

 «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Ирландияның халықаралық  даму Агенттігімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды

KAZAKH INVEST компаниясының төраға орынбасары Рустам Исатаев «IDA Ireland» инвестицияларды тарту агенттігінің коммерциялық директоры Грэг Хоганмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өз елдеріне жоғары сапалы шетел инвестицияларын тарту бойынша тәжірибелерін талқыға салды. Исатаев мырза және Хоган мырза «IDA Ireland» техникалық қолдауымен Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеу міндеттемелерін алды.

«Мен ынтымақтастық туралы шарт жасасқанымызға қуаныштымын. Біздің келісіміміздің мақсаты - «KAZAKH INVEST» компаниясына тікелей шетел инвестицияларын тартудың ирландтық үлгісін қолдана отыра, инвестициялар тартуға қолдау көрсету», - деп атап өтті Грэг Хоган.

Осы меморандум тығыз коммерциялық байланыстарға, екіжақты инвестициялардың көлемін арттыруға және технологиялардың трансфертіне негіз болады деп болжанады.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге