Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST және Герман экономикасының Шығыс комитеті Инвестициялар саласында серіктестікті нығайту жөніндегі бірлескен жоспарға қол қойды

KAZAKH INVEST және Герман экономикасының Шығыс комитеті Инвестициялар саласында серіктестікті нығайту жөніндегі бірлескен жоспарға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың Герман Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде Берлинде Мемлекет басшыларының жетекші неміс компанияларының өкілдерімен кездесуі өткізілді.

Бүгінгі күні Германия Қазақстанның Еуропалық одақ елдері ішіндегі ірі сауда әріптесі және біздің еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі болып табылады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынас федералды және өңірлік деңгейлерде тұрақты нығайту серпінімен және экономикалық өзара іс-әрекет етудің жаңа мүмкіндіктерін іздестірумен сипатталады.

Іс-шараға 20-дан астам неміс компанияларының басшылары қатысты, оның ішінде: «WILO», «CLAAS Group», «SMS Holding GmbH», «Schaeffler AG», «Airbus Defence and Space», «Linde AG», «Mangold Consulting GmbH», «Herrenknecht AG», «Knorr-Bremse AG», «Euler Hermes», «Siemens Healthineers», «John Deere», «Deutsche Bank AG», «Tönnies Holding», «BAUER COMP Holding» және т.б.

Іскерлік кешкі ас шеңберінде сауда-экономикалық саланың, инвестициялық мүмкіндіктердің және әріптестіктің өзара пайдалы жаңа горизонттарын іздестірудің келешек мәселелері қарастырылды.

Неміс іскерлік топтарының өкілдері Қазақстан нарығында жұмыс істеу тәжірибесі жөнінде баяндап берді, өз жоспарларымен бөлісіті және бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы болашақта Қазақстанның ЭЫДҰ-на толыққанды мүшесі болуына сенім білдіріп, өзінің стандарттары мен заңнамалық нормаларын осы ұйымға мүше елдердің деңгейіне дейін арттыруға ниетті екенін атап өтті, сондай-ақ, неміс бизнесмендерін АӨК, жоғарғы технологиялар және цифрландыру салаларындағы жобаларды іске асыруға, сонымен бірге, «Астана» Халықаралық қаржы ұйымының қызметіне қатысуға шақырды.

«Қазақстанның Президенті ретінде мен, Германия бизнесі және инвестициялары біздің елімізге келуі және өздерін қауіпсіз сезініп, қызметін сәтті іске асырылуы үшін бар күшімді саламын. Біз неміс бизнесмендері үшін ерекше шарттар ұсынуға дайынбыз», - деді Қ. Тоқаев.

Өз кезегінде, Герман экономикасы Шығыс комитетінің Басқарма төрағасы Оливер Гермес: «Сізбен кездесу біз үшін үлкен құрмет. Сіздің сапарыңыз біздің саяси байланыстарға ғана емес, сонымен бірге, экономикалық қатынасқа да жемісті ықпал етеді деген сенімдеміз. Жалпы Герман бизнесі Қазақстанның сенімді әріптесі екенін куәландырғым келеді. Болашақ серіктестік және Қазақстан экономикасына герман инвестицияларының өсімі үшін жақсы мүмкіндіктер ашылуда деп есептеймін», - деді «WILO» компаниясының жетекшісі, Герман экономикасы Шығыс комитетінің Басқарма төрағасы Оливер Гермес.

Ресми іс-шара шеңберінде жалпы сомасы 2,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 30 коммерциялық және коммерциялық емес құжаттарға қол қойылғанын атап өту керек.

«Бүгінгі күні қол қойылған негізгі құжаттардың бірі бұл KAZAKH INVEST пен Герман экономикасының Шығыс комитеті арасындағы Инвестициялар саласында серіктестікті нығайту жөніндегі бірлескен жоспар. Аталған жоспар басым секторларды және серіктестіктің нақты жобаларын анықтайды», - деді «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев.

Германия Қазақстан үшін негізгі еуропалық әріптес, Германияның Орталық Азия өңірімен сауданың 86% Қазақстанға тиесілі.

ҚР мен ГФР арасындағы екіжақты сауда айналымы 2018 жылы $2,1 млрд АҚШ доларын құрады деп атап өту керек. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында екі ел арасындағы сауда көлемі 1,3 млрд. АҚШ долларына тең болды.

Соңғы 14 жыл ішінде герман компаниялары біздің еліміздің экономикасына 5,2 млрд АҚШ долларын инвестициялады. ҚР экономикасына неміс инвестицияларының 80%-дан астам бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі.

Ресми іс-шаралар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және KAZAKH INVEST қолдауымен ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорындар қызмет етеді, оның ішінде, «Linde AG», «Heidelberg Cement», «BASF», «Knauf», «Siemens», «Wilo», «CLAAS», «Volkswagen», «Mann», «Bayer», «METRO» сияқты ірі компаниялар.

Кездесулер барысында, тараптар қолжеткізілген келісімдер мен қабылданған шешімдер екіжақты экономикалық серіктестікті өзектендіру үшін серпін берді, сондай-ақ, екі мемлекет әріптестіктерінің жаңа мүмкіндіктері мен келешегін белгіледі деп атап өтті.

Сурет: Akorda.kz.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге