Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST және INVEST HONG KONG инвесторларды тарту тәжірибесімен алмасуда

KAZAKH INVEST және INVEST HONG KONG инвесторларды тарту тәжірибесімен алмасуда

KAZAKH INVEST ҚР Гонконгтағы Бас консулдығымен бірлесіп «KAZAKH INVEST– INVEST HONG KONG ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында онлайн-вебинар өткізді.

Іс-шараға INVEST HONG KONG бас директоры Стефан Филлипс, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев, ҚР Гонконгтағы Бас консулы, сондай-ақ екі агенттіктің мамандары қатысты.

Өз сөзінде Бас консул Р.Ерішев сауда-инвестициялық екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы айтып, гонконгтық әріптестерін Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі тезистерімен және жаңа жағдайда халықты және кәсіпкерлік қоғамдастықты мемлекеттік қолдау бойынша ҚР Үкіметі қабылдайтын шаралармен таныстырды.

INVEST Hong Kong бас директоры Стефан Филлипс ел басшылығының қазақстандық бизнесті қолдау, шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдайларды жетілдіру бойынша қабылдап жатқан шараларына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындығын білдірді. Агенттік басшысы сондай-ақ Қытай экономикасының өсу қарқынының катализаторларының бірі болып саналатын шетелдік инвестицияларды тарту саласында Гонконгтың қол жеткізген негізгі табыстарымен бөлісті.

"2019 жылы Гонконгқа 9 мыңнан астам шетелдік компания тартылды, аймақтық кеңселер саны 9%-ға артты, жұмыс орындарын құру бойынша рекорд орнатылды - 493 мың", - деді Стефан Филлипс.

Өз кезегінде Басқарма төрағасы Б.Сартбаев екіжақты әріптестікті одан әрі нығайту қажеттігін атап өтіп, тұрақты және ұзақ мерзімді нәтижені қамтамасыз етуге, сондай-ақ дағдарыстың салдарын жұмсартуға бағытталған компания қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы айтты.

«Бүгінгі қиын-қыстау кезеңдерде жобалардың табысқа жетуіне көмектесу үшін бар күш-жігерін жұмсау өте маңызды. Соңғы онжылдықта Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік институттар мен инвестициялық ахуал тұрақты ұзақ мерзімді нәтижені қамтамасыз етіп, дағдарыстың салдарын жұмсартады деп есептейміз. Сонымен қатар, Қазақстанның геостратегиялық жағдайы, транзиттік және логистикалық әлеуеті, бай ресурстық базасы, халықаралық сауда және инвестициялық келісімдері, сондай-ақ негізгі әлемдік нарықтарға қолжетімділігі сияқты табиғи инвестициялық артықшылықтары бар», - деп атап өтті Бауыржан Сартбаев.

Вебинар барысында тараптар қазіргі геосаяси жағдайларды, сондай-ақ короновирустық инфекция пандемиясымен жаһандық күрес нәтижелерінде туындаған сын-қатерлер мен қажеттіліктерді ескере отырып, өзара іс-қимыл және инвесторларға барынша қолдау көрсету үдерістерін егжей-тегжейлі талқылай алды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасу және нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұрақты екі жақты жұмыс байланыстарын қолдау туралы уағдаласты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге